Білім • 26 Маусым, 2017

Ағылшын тілін тегін оқытады

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа жобаны «Білім орда Бола­шақ» қоғамдық қоры «ЭксонМобилҚазақстан» ком­пания­сының демеушілігімен қолға алған.

Ағылшын тілін тегін оқытады

Енді 18 жастан асқан кез келген қала тұрғыны тегін оқыту курстарына тіркеле алады. Жоба ұйымдастырушысы Марта Хайдарованың айтуынша, бүгінге дейін 300-ден астам адам курсқа қатысты. Олардың 80 пайызы – жұмыссыздар. «Ал­ғашында қалалық жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген жұмыс­сыздарды оқыта бастадық. Бірақ кейін тіркелмеген, уақытша жұмыссыз тұрғындар да хабар­ласқан соң, жалпыға ортақ курстар ашқанды жөн көрдік. Биыл жыл бойына бір мыңға жуық адамға ағылшын тілін үйреткіміз келеді», дейді Марта Хайдарова. 
Курс төрт айға жоспарланған. Осы уақыт ішінде қатысушылар әріптен бастап ауызекі тілде еркін сөйлеуді меңгереді. Ал оларға облыс орталығындағы жоғары оқу орындары мен колледждердің тәжірибелі оқытушылары дәріс береді.

Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ