Театр • 26 Маусым, 2017

Сан қырлы сурет өнері

663 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жақында ұлттық кітапханада "Кітапхана" арт-галереясында Анар Әбжанова, Зейнелхан Мұхамеджан, Сержан Баширов, Оразбек Есенбаев, Хашим Құрбанов, Арман Баймұратов сынды отандық үздік суретшілердің "Қазақстанның заманауи суретшілері" атты картиналар көрмесінің ашылуы болды.

Сан қырлы сурет өнері

«Кітапхана» арт-гале­реясы мен Әуезхан Қодар атындағы зияткерлік клубы қазақстандық арт-қауым­дастықтың туын­дыла­рын көпшілікке кеңінен таныстыру мақ­сатында өт­кен көрмеде та­қырыбы, жанры және сти­лі сан алуан суретшілердің айрықша туын­дылары көпшілік назарына ұсынылды. Отандық алты бірдей ав­тордың кескіндеме, графика, кестеленген картина, сәндік-қолданбалы өнер сияқты дәстүрлі бейне­леу өнер түрлерімен қа­тар, инсталляция, сомдау сияқты жаңа түрлері де өнер­­сүйер қауымға таныс­ты­рылды. 
Қазақстандық бейнелеу өнерінің талантты өкілдерін тек елімізге ғана емес, әлем­ге де таныту мақ­сатында көп­те­ген іс-шаралар атқарыла бас­та­ғанын айтқан «Кітапхана» арт-гале­рея­сының жетекшісі Дина Досполова: «Қазіргі уақытта тек бейнелеу ғана емес, басқа да өнер түрлеріне, сол өнер иелерінің ұлттық сипаттағы айрықша туындыларына деген көпшілік назарын халықаралық дең­гей­ге көтеру арқылы мәде­ниетімізбен қатар, экономикамызды да кө­тере түсуге мүмкіндік бар»,  деді. 
Көрмеге жиналған қа­уым туындылары Па­риж­дегі әйгілі Лувр мұра­жай­ының көрме залдарына қойылған жас суретші-пей­зажист, әлемнің айтулы бай­қауларының жеңімпазы Анар Әбжанованың еңбек­те­рімен қатар, ежелгі қазақ кестесінің негізінде жаңа өнер түрі саналатын «біз кестені» ойлап табушы Зей­нел­хан Мұхамеджанның да жұмыстарын тамашалады. Сондай-ақ, суретші-зергер әрі мү­сінші Сержан Башировтің сүйікті ком­позициялық тәсілі – ағаш­тарды түрлі тәсілмен әрі қара­ма-қарсы фактурадағы күміс, тас, сүйектермен үйлестіре қолданған еңбектері де келу­шілердің ыстық ықыла­сына бөленді. 
Ав­торлық техникасы­ның арқа­сында танымал бол­ған кескіндемеші Оразбек Есенбаевтың да қор­ша­ған ортаның дәлме-дәл көшір­месін бере білу қабілеті, поэтикалық шы­ғар­машылығы ежелгі ұйғыр халқының сәндік асқабақтардан қуыр­шақ жасау өнерінен бастау алатын ұйғыр сурет­шісі Ха­шим Құрбанов кескін­де­мелері, мүсінші, дизайнер Арман Баймұратовтың шығармашылық нақышы, реализм мен абстракцияның то­ғысуынан туындаған жұ­мыс­­тары да көпшілікті тәнті етті.

Мира БАЙБЕК,
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ