Әдебиет • 26 Маусым, 2017

Солтүстік Қазақстанда «Мағжан көктемі» республикалық фестивалі өтті

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы жолы « Туған жер» бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылған «Мағжан көктемі» республикалық фестивалі төртінші рет шымылдығын түрді.

Солтүстік Қазақстанда «Мағжан көктемі» республикалық фестивалі өтті

Түркі халқының ақиық ақыны Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық мұраларын кеңінен насихаттауды көздеген байқауға Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Несіпбек Айтұлы жетекшілік етіп, алдынала іріктеуден өткен 60-қа жуық үміткер өз өнерлерін ортаға салды.

Сахнаға алдымен жазба ақындар көтеріліп, Мағжанның рухына бағыштаған жырларын оқыды. Олан кейін ақын өлеңдеріне жазылған жаңа әндер орындалып, фестивальді шайырдың өлеңдерін мәнерлеп оқушылар түйіндеді.

«Жазба ақындар мүшайрасы» аталымы бойынша алматылық Әділғазы Қайырбеков жеңімпаз атанды. Жаңа әндер конкурсында жеңістің ең биік тұғырына ақмолалық Құрмет Сақай көтерілді. Көркемсөз шеберлері сайысында петропавлдық Аяхбай Дінмұхамед бірінші орынға лайық деп танылды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қомақты ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Өмір Есқали.

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.