04 Қазан, 2011

Нұрлы ту

448 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Дүниенің төрт бұрышын  өрт шалып, Өзді-өзіне ашынғанда аш халық. Жүз отыз ұлт мекендеген біздің Ел, Жүз шайыспай, шай ішеді баптанып!   Жүрек, бауыр, өкпе, бүйрек – біріккен, Тамырласып тас жүректі иіткен. Қалың елім – қазағымның беделі, Бес құрлықтың бедерінде тұр үстем!   Бұдан асқан бақыт бар ма, Алашқа, Осы күнді армандаған о баста. Айналайын, Алла сүйген ұлтымнан, Албасты да қарап басар қабаққа!   Біздің қабақ – ашық қабақ, хош қабақ, Басқа көзді алатұғын «ноқталап». Сол қабақпен қарап отыр әлемге, Нұр таратып Нұрсұлтандай мәрт қазақ! Сол қазағым аман болсын лайым, Шыр айналтып ғаламшарға шырайын. Оң батасын бере алмаса ұлына, Ондай халық ұмытады құдайын.   Тәңір құтын тапқан кезде іздеген, Тәуелсіз ел көк туынан нұр көрем. Нұрлы туды нық ұстаған Нұрекең, Нұрлы көшін жалғай берсін бізбенен! Төлеген ЖАНҒАЛИЕВ, Қазақстан Жазушылар  одағының мүшесі. Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы.