Аймақтар • 26 Маусым, 2017

Бурабай ауданының әкімі ауысты

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының əкімі Мəлік Мырзалиннің 2017 жылдың 26 маусымдағы  өкімімен аудандық мәслихат депутаттарының келісімі негізінде Қанат Серікұлы Қарауылов Бурабай ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Бурабай ауданының әкімі ауысты

Ақмола облысының әкімі Мəлік Мырзалин Бурабай ауданы активінің жұмысына қатысып, депутаттардан жаңа әкімнің кандидатурасын қолдауды сұрады.

Ұсынған кандидатураны аудандық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдап, дауыс бергеннен кейін облыс әкімінің өкімімен Қанат Қарауылов Бурабай ауданының әкімі болып тағайындалды.

Аудан активіне жаңа басшыны таныстырған облыс әкімі  өңірде бірінші кезекте шешілуге тиісті міндеттер мен Елбасының тапсырмаларына тоқталып, ауданның жаңа әкіміне  алда тұрған ауқымды жұмыстарды ерекше атап көрсетті. Сонымен бірге, ол аудан активі алдында жаңа әкімге сенім білдіріп, белсенді жұмыс істеуге шақырды.

Өз кезегінде ауданның жаңа әкімі Қанат Қарауылов өзіне көрсеткен зор сенімдері үшін облыс әкімі мен депутаттарға  алғысын білдіріп, осы сенімнен шығуға бар күш-жігерін аянбайтындығын жеткізді.