Үкімет • 26 Маусым, 2017

Ұлттық экономика министрі халыққа есеп берді

218 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ұлттық экономика министрі халыққа есеп беру кездесуі барысында еліміздің ағымдағы жылғы 5 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы, сондай-ақ 2017 жылдың соңына дейінгі анағұрлым маңызды ағымдық және келешектегі міндеттерді жүзеге асыру барысы туралы баяндады.  

Ұлттық экономика министрі халыққа есеп берді

«Ағымдағы жылы сыртқы ахуалдың жақсаруы есебінен экономикалық белсенділіктің және экономиканың нақты салалары көрсеткіштерінің жақсаруы байқалады. Алдын ала мәліметтер бойынша, 2017 жылғы 5 айдағы елдегі экономикалық өсім 4,1%-ды құрады, ал өткен жылғы ұқсас мерзімде 0,2%-ға төмендеу байқалған еді», - деді министр.

Ол а.ж.5 айдағы инвестицияға салынған негізгі капитал 5,2%-ға өскендігін атап көрсетті.

«Ағымдағы жылы Министрлік ұлттық қордың жаңа Тұжырымдамасын жүзеге асыруға кірісті. Үшжылдық мерзімде Ұлттық қордың қаражатын пайдалануды оның активтерін тұрақтандыру үшін айтарлықтай қысқарту жоспарлануда. Ұлттық қордың кепілдендірілген трансферттерінің көлемі үш жыл ішінде 880 млрд.теңгеге, 2020 жылдан бастап 2 трлн.теңгеге қысқартылатын болады», - деді Сүлейменов.

Ол осы есептен 2018-2020 жылдарға республикалық бюджет жобасын құру аясында а.ж. тамызда Министрлік Ұлттық қордың бюджеттік параметрлерін анықтайтынын және ортамерзімдік кезеңге болжам жасалатынын атап өтті.

Сүлейменовтің айтуына қарағанда, Ұлттық экономика министрлігі Қаржы министрлігімен бірлесіп, бюджеттік процессингті оңайлату және мемлекеттік органдардың дербестігін кеңейту жолымен мемлекет қаржысының экономикаға өткізілуін жеделдетуге мүмкіндік беретін Бюджет кодексіне түзетулер әзірледі.

«Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың өкілдері, бизнес-қоғамдастық, ҚР «Атамекен» ҰКП, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың белсенді қатысуымен жаңа Салық кодексі жобасын дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы жұмыстардың аясында мәтіннің өзін талқылау жүруде. Жаңа Салық кодексінің жобасы, Тұжырымдамасы және таныстырылым материалы Ұлттық экономика министрлігінің сайтында орналастырылған», - деді министр. 

Ол «жаңа Салық кодексі қолданыстағыдан мүлде өзге құрылымымен, жаңа идеологиясымен ерекшеленетіндігін, ал оның мазмұны жеңіл болатындығын» атап көрсетті.

Жекешелендіру бағдарламасы туралы айта келіп, Сүлейменов, 8-ден кем емес ұлттық компания IPO/SPO-ға шығарылатынын хабарлады. Бұлар «Эйр Астана» АҚ, «Қазатомпром» ҰАК АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазақстантеміржолы» ҰК» АҚ, «ТауКенСамұрық» ҰК» АҚ.

«Аталған компанияларды шығарудың басым алаңы ретінде Астанадағы Халықаралық қаржы орталығы (AFS) қарастырылуда. Сатылымның басталуы 2018 жылдан бастап жоспарлануда, бұл дайындық жұмыстарын, холдингтерді оңтайландыру мен трансформациялау шараларын жүргізу қажеттігімен байланысты», деді министр.

Сонымен қатар, Министрлік 2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында әрбір макроөңір үшін инвестициялық басымдықты анықтау; елдің аумақтық дамуын жетілдіру; ТКШ жаңғырту; халықты ауыз сумен және су тартумен қамту бойынша міндеттерді жүзеге асыруда. Тұтас алғанда, Бағдарламаны жүзеге асыруға 2017 жылға РБ-тен 86,3 млрд.теңге қарастырылған, 2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, жергілікті атқарушы органдар арқылы оның 20,2 млрд. теңгесі игерілген. Қаражат бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінуде.

Министр Министрліктің стратегиялық жұмысының бір бағыты көпжақты сауда жүйесі аясындағы экономикалық интеграцияны тереңдету мен ынтымақтастық болып табылатындығын атап өтті.

«ЕуразЭО жаңа Кедендік кодексі қабылданды, ол әкімшілік бөгеттерді азайтуға, алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды енгізуге, кедендік тазалау жүргізуді жеделдетуге бағытталған. Біз оның 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетіндігін жоспарлаудамыз. Біздің кәсіпкерлеріміз оған жақсы баға береді деген ойдамын», - деді Сүлейменов.

Оның айтуынша, тығыз экономикалық интеграция Қазақстанның Одақтың басқа елдерімен сыртқы сауда айналымының көлемін ұлғайтуға ықпал етті. Мәселен, а.ж. қаңтар-сәуірде Қазақстан мен ЕуразЭО мүше-мемлекеттері арасындағы тауар айналымы 5,1 млрд.АҚШ долларын құрады және өткен жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 35,6%-ға ұлғайды. Ресейге экспорт 2,3%-ға (1,4 млрд. долл.), Беларуське – 6,3 есе (34 млн.долл), Арменияға – 7,4 есе (0,2 млн. долл), Қырғызстанға – 31,5%-ға (130,1 млн.долл) өсті.