29 Маусым, 2017

Қазақстан делегациясының Грузияға сапары

170 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақовтың жетекшілігімен еліміздің делегациясы Қазақстан қылмыстық процесін жаңғырту аясында құқық қорғау және сот органдарының тәжірибесін зерделеу үшін Тбилиси қаласында сапармен болды.

Делегация мүшелері Грузия Жо­­ғарғы сотының төрағасы Нино Гвенетадзе ханыммен кез­десті. Грузия та­рапынан кез­десуге Әділет ми­ни­стр­лігі мен Бас прокуратураның, Ішкі іс­тер министрлігі мен Консти­ту­­циялық соттың, Жазаны орын­­дау және пробация ми­ни­с­-
трлігі мен Ад­во­каттар қау­ым­дастығының, Заң кө­ме­гі қыз­меті мен Заң фирмалары қау­ым­­дастығының және Әділет жо­­­ғары кеңесінің өкілдері, со­н­­­-
дай-ақ Тби­лиси қалалық жә­не апе­­лляциялық сот­та­ры­ның судь­ялары қатысты. 
Әңгіме барысында Грузия­да­ғы сот реформалары мен қыл­мыс­тық сот тө­релігі жүйе­сінің мәсе­лелері тал­қы­ланды. Грузия тә­жірибесінің ерек­ше­лігі, қыл­мыстық сот ісін жүргізудің еу­­р­опалық үлгісіне көшудің қысқа мер­зім ішінде жүзеге асырылып, оның өте тиімді қолданылып жатқанын атап өт­кен жөн.
Кездесу соңында қазақ­стан­дық де­­легацияның басшысы Грузия та­ра­­­бына жылы қарсы ал­ғаны үшін ал­ғысын білдірді жә­не құқықтық салада өза­ра іс-қимылды одан әрі кеңейту қа­жеттігін айтты. 
Тбилиси қаласында сол күн­­дері «Активтерді қайтару және ки­бер­қылмыстылық» та­қы­рыбында Ха­лық­а­ралық проку­рорлар қау­ым­дас­ты­ғының VIII Шығыс-Еуропа және Ор­талық-Азия өңірлік кон­фе­рен­­циясы өткен болатын. Ша­ра­ға әлемнің 27 елінен 150 өкі­лі мен 7 халықаралық орган­дар­­дан жә­не ұйымдардан өкіл­де­р келген еді. Біздің тарапымыздан оған Бас прокурордың орын­ба­сары Марат Ахметжанов қа­тыс­ты. 
Прокурорлар ұрланған, оның ішінде электронды валю­та түрін­де­гі активтер­ге тыйым сал­у мен тәр­кіл­еу бойынша ха­лықаралық ын­ты­мақ­тас­тық­тың, құқықтық көмек тура­лы сұраулардан тыс ресми емес ын­тымақтастықтың, тый­ым са­лынған мүліктерді бас­қа­ру­дың көкейкесті мәселелерін талқылады. 
Форум шеңберінде М.Ах­мет­­­жа­новтың Гру­зия, Ук­ра­ина, Бело­руссия, Ұлы­бри­тания, Өз­бекстан бас про­ку­ра­ту­ра­ла­рының бас­шы­ла­­рымен, сондай-ақ ХПҚ бас­шы­лығымен келіс­сөз­дері өтті. 
Екіжақты кездесу бары­сын­да әңгімелесушілер тран­с-­
ұлт­тық ұйымдасқан қыл­мыс­пен, есірткі бизнесімен, кибер­қ­ыл­­мыстылықпен, экстремизм жә­­не терроризммен күрес шең­бе­рінде ынтымақтастықтың ең маңызды бағыттары бойынша тәжірибе алмасты. Сондай-ақ, жиын барысында құқық қорғау жүйесін реформалау, шарттық-құқықтық базаны кеңейту мен нығайту саласындағы қол жет­кі­зілген жетістіктер жайлы әңгіме қозғалды. 

«Егемен-ақпарат»