ЭКСПО-2017 • 29 Маусым, 2017

Елу елді аралап, ЭКСПО-ға келді...

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл қаласына аялдаған грузин жиһанкезі Нодар Беридзе Астана қаласында өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалау үшін арнайы маршрут түзіпті.

Елу елді аралап, ЭКСПО-ға келді...

Былтыр ақпан айында Тбилисиден велосипедпен ұзақ сапарға аттанған саяхатшы 850 күннің ішінде 50 елдің шекарасын басып өтіп, 50 мың шақырымды артқа тастап­ты. Күніне 100 шақырым қашықтықты еркін еңсеріп отырған оның ендігі ойы – Гиннес­тің рекордтар кітабына ену. Рекордтар кітабын 14 рет жаңартқан қандасы Джумбер Лежава­ның 264 мың шақырым қашықтықты бағын­дырғанын, көп жыл бойы оның менед­жері болғанын мақтан етеді. 
«Әлем жолы» атты құрлықаралық саяхат маршрутын бүгінде өзі жалғастырып, ұстаз аманатын адал орындап келеді. Аяқ суытып, дамылдаған сәттерде сол елдің, халықтың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін біл­мекке құмар. Қай жағынан болсын Қазақ­станнан үйренетін тағылым, көкірекке түйе­тін оралымды ойлар көп дейді ол. 
Алдағы бағыты – Ресейдің Омбы, Қор­ған, Түмен облыстары. Оны алда ұзақ жол­сапар күтіп тұр. Ол 2018 жылы ғана туған жері­мен, отбасымен қауышатын көрінеді.
 Қазақстан жайлы жылы ұғымды жүрегіне ұялатқан жиһанкезге сәт сапар тілейік. 

Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы