Турнирдің екінші күнінде атлет 200 метрге жарысып, мәреге 23,01 секундта жетті. Осыдан кейін Викториямен аз-кем сұхбаттасып, мемориал жайлы, алдағы Азия чемпионаты туралы сұраған едік.
– Осы жолы мемориал керемет өтті. Ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін. Федерацияның жаңа басшылығы, пиар-бөлімі барлығы керемет жұмыс істегені көрініп тұр. Осылай-осылай әлемдік деңгейдегі жарыстарды жоғары деңгейде өткізуге машықтанып кетеміз деп ойлаймын.
– Жарыстың екінші күнінде жаңбырдың құйып тұрғанына қарамастан 200 метрге жүгіріп, жеңіске жеттіңіз.
– 100 метрде жеңіске жеткеннен кейін екінші күні ешқандай қысымсыз еркін түрде жүгіріп өттім. Әріптесім Ольга Сафронованың әлем чемпионатының нормативін орындағанын қатты қалаған едім. Ольгаға көмектесуді ойладым. Өкінішке қарай, сәл ғана секундтар жетпей қалды. Құдай қаласа, Азия чемпионатында жолдамаға қол жеткізеді деп сенім артамын. Азияның екі үздік спринтері міндетті түрде әлем чемпионатына баруы тиіс. Ал ауа райының қолайсыздығына келсек, спортшының құлшынысына жаңбыр кедергі бола алмайды. Спортшы барлығына дайын болса, көздеген мақсатына қол жеткізеді.
– 6-9 шілде күндері Үндістанның Бхубанешвар қаласында Азия чемпионаты өтеді. Алдыңызға қандай мақсат қойып отырсыз?
– Бірінші кезекте 100 метрге жүгіруден Лондондағы әлем чемпионатының нормативін орындауды көздеп отырмын. Сондай-ақ, мүмкіндігінше, өзім қатысқан сайыстың барлығында жеңіске жеткім келеді.
– Бұған дейін Үндістанда жарысқа қатысып көрдіңіз бе? Ол жақтың климатына дайындығыңыз қандай?
– Мен 2013 жылы Азия чемпионатына қатысқанмын. Сол кезде де Азия чемпионаты Үндістанда өткен. Климат, ауа райы проблема емес. Мен үшін ең қиыны – су мен тамақ. Бірақ ештеңе етпейді, өзімізбен бірге қазы-қарта алып барамыз. Барлығы жақсы болады деп ойлаймын (күлді).
Бек ТӨЛЕУОВ,
журналист
АСТАНА
Жақында қазақстандық спринтер Виктория Зябкина Алматыдағы Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық мемориалдың үш бірдей алтынын жеңіп алды. Ол 100 және 200 метрде ешкімге дес бермесе, сондай-ақ құрбыларымен бірге 4х100 бойынша командалық эстафетада да алтынға қол жеткізді.
Бурабайдағы Мультимедиалық интерактивті кешенге келушілер көп
Аймақтар • Бүгін, 01:26
Аяз, көктайғақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 00:16
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Спорт • Кеше
Алматы облысының меншігіне 86 мың га жер қайтарылды
Аймақтар • Кеше