Жеңіл атлетика • 29 Маусым, 2017

Кениялықтар Өскеменнің атынан жүгіреді

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кенияның желдей ескен желаяқтары Шығыс Қазақстанға келуі мүмкін. Бірақ кімнің келетіні, қашан келетіні әзірге белгісіз. Белгілісі – жақын арада облыста халықаралық деңгейдегі жеңіл атлетика клубының құрылатындығы. Жуықта облыс әкімі Даниал Ахметов Өскемен­де Кения елінің үздік спортшыларымен кездескенде осы мәселе­лер жан-жақты талқыланды.

Кениялықтар Өскеменнің атынан жүгіреді

«Үлкен ұйым құру қажет емес. Өте жоғары нәтиже көрсететін, 10-15 адамнан тұратын кішігірім клубтың жұмысын ұйым­дас­тыруымыз керек. Өз тарапы­мыздан спортшыларға бар­лық жағдайды жасаймыз. Құра­ма команданың әр мүшесі күнде­лікті тынбай еңбек етсе, қалған спортшылар соларға қарап бой түзейтін болады. Біздің коман­даның үздіктер қатарынан көрі­неріне сенімім мол», дейді аймақ басшысы.  
Бұл – өңірге шақырылып жатқан алғашқы легионерлер емес. «Алтай» қыздар волейбол клубының құрамындағы бір ғана Юнеска Роблес Батистаның командаға қаншалықты серпін бергенін спортсүйер қауым жақсы біледі. Сондықтан Кения елінен келетін легионерлер де өңір спортына леп беріп, облыстың жеңіл атлеттерін ширата түссе бұдан ұтпасақ, ұтылмайтынымыз анық. 

Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН