Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының 25 жылдығына орай осымен алтыншы жыл қатарынан жалауы желбіреген байқауға Ресейдің Ұлттық ұлан әскері Орал округі штабының әскери оркестрі мен Қытай Халық Республикасы Халықтық қарулы полициясының оркестрі де қатысып, өнер додасының көрігін қыздырды.
«Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін композициялар репертуары, актерлік шеберлігі, регламентті сақтауы, саптық жүрісі сынды өлшемдер бойынша бағалады. Фестивальге Мемлекеттік күзет қызметінің (Президенттік оркестр) Әскери оркестрі мен Құрмет қарауыл ротасы, ҰҚК Шекара қызметінің бірлескен оркестрі және Қорғаныс министрлігінің Орталық оркестрі де қатысты. Отансүйгіштік пен ұрпақтар сабақтастығы рухында өрілген Плац-концерт ЭКСПО халықаралық көрмесі іс-шаралары аясында өткізіліп, классикалық, халықтық және эстрадалық музыкалық туындылар мен жауынгерлік парад-дефиле, әскери-қызметшілердің қару-жарақпен көрсетілген танымдық көрсетілімдері қала жұртшылығын ерекше әсерге бөледі», − дейді Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі Бағдат Амангелді.
Азамат Қасым,
«Егемен Қазақстан»
Өскемен