Парламент • 29 Маусым, 2017

Сенат депутаттығына сайланғандардың есімі белгілі болды

244 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау қорытындыларын шығарды.

Сенат депутаттығына сайланғандардың есімі белгілі болды

2017 жылдың 29 маусымында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы отырыс барысында 2017 жылдың 28 маусымында болған ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау қорытындылары белгілі болды.

Сайлау Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі Жарлығына, ҚР Конституциясына және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына сәйкес жүргізілді. Әр облыстан, Астана мен Алматы қалаларынан бір депутаттан барлығы 16 депутат сайланды.

"Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы облыстық, Астана мен Алматы қалалық сайлау комиссияларының сайлау бойынша дауыстарды санаудың қорытынды хаттамалары негізінде Қазақстан Республикасының 14 облысында, Астана мен Алматы қалаларында ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өтті", - деп хабарлады ОСК.

Сайлау науқаны барысында барлығы 89 үміткер ұсынылса, соның 38-і сайлау бюллетеніне енгізілді. Сайлауға 3242 таңдаушы қатысты. ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау барысында 518 халықаралық және отандық байқаушы, 244 қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілі қатысты. Сайланған депутаттардың 7-ін мәслихаттар ұсынса, 9-ы өзін өзі ұсынушылар.

ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына үміткерлердің орташа жасы 56,7 жас. Сонымен, Қазақстан Республикасы Сенатының депутаттарын сайлау қорытындысы бойынша сайланғандардың тізімі төмендегіше: Ақмола облысынан Әділбеков Дәурен Зекенұлы, Ақтөбе облысынан Жұмағазиев Мұхтар Сабырұлы, Алматы облысынан Қылышбаев Нұрлан Наурызұлы, Атырау облысынан Дүйсембаев Ғұмар Ислямұлы, Батыс Қазақстан облысынан Төреғалиев Нариман, Жамбыл облысынан Нұрәлиев Әбдәлі Тоқбергенұлы, Қарағанды облысынан Әбдікеров Рысқали, Қостанай облысынан Нұрғалиев Жеңіс Мирасұлы, Қызылорда облысынан Бақтиярұлы Мұрат, Маңғыстау облысынан Шелпеков Бақтыбай Ақбердіұлы, Оңтүстік Қазақстан облысынан Құртаев Әлімжан Сейітжанұлы, Павлодар облысынан Нұрсипатов Нұржан Нұрланбекұлы, Солтүстік Қазақстан облысынан Сұлтанов Ерік Хамзаұлы, Шығыс Қазақстан облысынан Мусин Дүйсенғазы Мағауияұлы, Астана қаласынан Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы, Алматы қаласынан Жүкетаева Динар Жүсіпәліқызы сайланды.

Бауыржан Мұқанов,

"Егемен Қазақстан"

Соңғы жаңалықтар

Тоғыз жыл күткен жеңіс

Спорт • Бүгін, 11:30

Көңілден шыққан көрікті жер

Табиғат • Бүгін, 11:20

Дәрігерлер шыңы

Алматы • Бүгін, 11:10

Тау туризмі дамып келеді

Туризм • Бүгін, 11:05

Дулати дүниетанымы

Руханият • Бүгін, 10:55