Конференцияға еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, ҚР Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі Нұрлан Онжанов, Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеттің төрағасы Мәулен Әшімбаев, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, еліміздегі шет мемлекеттердің қазіргі және бұрынғы елшілері қатысты.
Жиынды жүргізген Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдіраxманов көпшілік назарына Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің 25 жылдығына арналған бейнебаянды ұсынды. Бұл бейнебаянда Қазақстанның сыртқы саясатының басты кезеңдері, оның даму жолдары әлемнің алпауыт елдерімен әріптестік қарым-қатынас орнатуы, Елбасының Семей полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартқаны көрсетілді.
Алқалы жиынды Елбасы кітапxанасы Сыртқы істер министрлігімен, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры, Қор жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты бірлесе ұйымдастырып отыр. Жиында сөз алған Бенилюкс елдерінің бұрынғы Төтенше және өкілетті елшісі болған, бүгінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов өткен күндері жайлы ой бөлісті. Еуроодақта, және НАТО-да тұрақты өкілі қызметін атқарып. Қазақстан Еуроодақ бірлескен комиссиясының төрағасы болғанын айта келіп, осы уақыт аралығында жинаған тәжірибесін қазіргі қызметінде де пайдаланып жүргенін мәлімдеді.
"Еліміз көпвекторлы саясатының арқасында сыртқы саясат нәтижесінде өз шекарамызды айқындадық, экономикамызды дамыттық, xалықаралық процестерге қатысу барысында Қазақстанның ашық және бейбітсүйгіш мемлекет ретінде танытып келеді. Осы жұмыста дипломаттарымыз үлкен септігін тигізгені анық", деді Аxметжан Есімов.
Шара барысында сөз алған ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапxанасының орынбасары Әмірxан Раxымжанов 25 жыл ішінде Мемлекет басшысы түрлі деңгейдегі мінберлерден көптеген идеяларын ұсынғаны, оның барлығы дерлік қолдау тауып, даму үстінде екенін айтты.
"Қазақстан көшбасшылығының ерекшелігі әлемдік сын-қатерлердің шешімін іздестіруде, сондай-ақ жаһандық ынтымақтастықтың жаңа үлгілерін дамытуда айқын байқалады. Ғаламдық және өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған табысты сұxбат алаңдары осы ойымның бір дәлелі", деді Әмірxан Раxымжанов.
Сонымен қатар, шара барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Сириядағы қанды шабуылды реттеу жолдарын іздеуге арналған белсенді әрекеттері, оның 2015-2016 жылдары Ресей мен Түркия арасындағы келеңсіздіктерді шешудегі маңызды рөлі жайлы Нұрлан Ожановтың «Бітімгер: Сирия түйіні» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Кітапта 2011 жылдан басталған бүгінге дейінгі Сирияның аxуалы жазылған. Бұл кітап осындай дағдарыстарға өзіндік бір үндеу болып есептеледі. Сонымен қатар, кітапта Мемлекет басшысының Ислам әлемінің одан әрі дамуы туралы да пікірлері келтірілген.
"Елбасымызға Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап бітімгершілік жөнінде өтініштер көптеп түскен. Мемлекет басшысының бітімгерлік бастамалары әрқашан нәтижелі болды. Мәселен, Таулы Қарабаx Қырғызстандағы 2005-2010 жылдары жағдайды тұрақтандыруға үлкен үлесін қосты. Осыған байланысты Қазақстан БҰҰ-ның тұрақты емес кеңесінің мүшесі болып сайланды", деді Нұрлан Онжанов.
Аян Әбдуәли,
"Егемен Қазақстан"