Аймақтар • 29 Маусым, 2017

Батыс Қазақстан облысында Қазталов ауданының әкімі ауысты

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңір басшысы Алтай Көлгіновтің бұйрығымен, аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Қазталов ауданының әкімі болып бұған дейін Сырым ауданын басқарып келген Абат Шыныбеков тағайындалды.

Батыс Қазақстан облысында Қазталов ауданының әкімі ауысты

Шыныбеков Абат Абайұлы 44 жаста. Білімі – жоғары, 1995 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтын (инженер-механик), 1998 жылы Батыс Қазақстан «Евразия» тілдер және менеджмент институтын (экономист) бітірген. Еңбек жолын 1995 жылы Қаратөбе ауданы Егіндікөл совхозында инженер-механик болып бастаған.

А.Шыныбеков 1996-2013 жылдары аралығында Қазталов ауданы әкімінің орынбасары, Орал қаласы әкімінің кеңесшісі, «Нұр Отан» БҚОФ төрағасының орынбасары, Орал қалалық мәслихатының хатшысы болған. 2013 жылдан бері Сырым ауданының әкімі лауазымын атқарған.

- Өңірлерді дамыту туралы Елбасы тапсырмасына сәйкес облысымызға үлкен қолдау бар. Тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға біліміңіз бен тәжірибеңізді жұмсайды деген сенім білдіреміз. Мемлекет басшысының биылғы жолдауынан, рухани жаңғыру бағдарламасынан шығатын тапсырмалардың ауданда тыңғылықты орындалуын қадағалаңыз,- деді облыс әкімі ауданның жаңа басшысына.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

"Егемен Қазақстан"

Батыс Қазақстан облысы