Аймақтар • 29 Маусым, 2017

Астанада Кенесары көшесі уақытша жабылады

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Кенесары көшесі 30 маусымнан 12 шілде аралығында жабылады, деп хабарланды елордалық әкімдіктің ресми сайтында.

Астанада Кенесары көшесі уақытша жабылады

Астаналық көлік жолдары басқармасының хабарландыруы бойынша, көлік жолдарында жөндеу жұмыстарын өткізу аясында Кенесары көшесі, М. Ғабдуллин көшесінен А. Пушкин көшесіне дейін учаскеде жол қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

Осыған байланысты ағымдағы жылы 30 маусымнан 12 шілдеге дейін жоғарыда көрсетілген учаскелерде жол қозғалысына шектеу қойылады, көліктердің жүруіне рұқсат етілмейді. Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс жағдайларына тап болмас үшін жүру маршруттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес беріледі.