Қазақстан • 29 Маусым, 2017

«Егемен Қазақстан» жас журналистерді марапаттады

560 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Егемен Қазақстан» газеті Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатымен 18-35 жас аралығындағы журналистер арасында «Туған жер: көне тарихтың көмбесі» тақырыбында жазылған үздік материалдарға бәйге жариялаған болатын.

«Егемен Қазақстан» жас журналистерді марапаттады

Байқау талаптары бойынша үміткерлер туған жер, киелі орындар мен көрікті мекендер тақырыбын қамтыған тарихи-танымдық, зерттеу мақалалары мен фоторепортаждарын жолдауы тиіс еді. Соған орай, редакциямызға ел өңірлерінен 20-дан аса материал келіп түсті. Редакция алқасынан құралған конкурстық комиссия осы материалдармен жеке-жеке танысып, ең үздіктерін іріктеді.

Нәтижесінде, «Үздік журналистік зерттеу» номинациясында Ерзат Ермағанбетов, «Үздік танымдық материал» номинациясында - Айдана Жұмадинова, «Үздік фоторепортаж» номинациясында Жадыра Мұсабай есімді жас журналистер жеңімпаз атанды.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі бүгін «Егемен Қазақстан» редакциясында өтіп, жүлдегерлерге арнайы жасалған кәдесыйлар  мен 200 мың теңге ақшалай сыйлықтың сертификаттары тапсырылды.