Айтақов Жарылқасын Әбдіғапарұлы 1962 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Жаңа Талап ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1985 жылы Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтын инженер-механик, 2004 жылы Тараз мемлекеттік университетін заңгер және 2007 жылы Әулие-Ата университетін педагогика және психология пәндерінің оқытушысы, 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін экономист мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1985 жылы Ресей Федерациясы, Калуга облысындағы Кондров жылжымалы-механикаландырылған колоннасында учаске механигі болып бастаған. 1985-1990 жылдары Жуалы ауданы «Бурное №15» кәсіптік техникалық училищесінде оқытушы, директордың орынбасары қызметтерін атқарған.
1990-1992 жылдары Жуалы аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1992-1995 жылдары Жуалы аудандық әкімшілігінде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, 1995-2008 жылдары Жуалы ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2008-2010 жылдары Жуалы ауданы әкімінің орынбасары болған.
2010-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі қызметінде болған. Кейіннен Жуалы аудандық мәслихат хатшысы қызметін атқарған.