Бокс • 29 Маусым, 2017

Иван Дычкоға The Hearyweight Factory компаниясымен титулды жекпе-жектер өткізу қиынға соғады - америкалық сарапшы

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Америкалық журналист Джек МакКафери жақында ғана The Hearyweight Factory промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасаған қазақстандық боксшы Иван Дычко туралы пікірін білдірді.

Иван Дычкоға The Hearyweight Factory компаниясымен титулды жекпе-жектер өткізу қиынға соғады - америкалық сарапшы

«Мен бұл компания туралы естігенмін. Олардың Шенон Бриггс секілді өз чемпиондары бар. Қателеспесем, олар қарамағындағы боксшыларды тартысты жекпе-жектерге ғана қоятын секілді.

Иван Дычко әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарында жүлдеге іліккен спортшы. Ол өзін көрсету үшін көп еңбек етіп, жиі кездесу өткізгені дұрыс. Себебі, промоутерлік компаниялармен келісімге келіп, бірден чемпиондық атаққа таласу қиын. Дәл қазіргі сәтте трамплиннен секіргендей өзінің бар күшін көрсететін болса, онда ол кәсіби бокс мамандарының көзіне түсетіні сөзсіз», дейді МакКаферри.

Естеріңізге сала кетсек 26 жастағы қазақстандық Иван Дычко бүгін америкалық The Hearyweight Factory (ауыр салмақ зауыты) промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасаған болатын.

Бұған дейін Дычко ақпан айында Данияр Елеусіновпен бірге австралиялық промоутер Майк Алтамурмен келісімшарт жасасып, мамыр айында келісім шартты бұзған болатын.

Абзал ОРЫНБАСАР

Соңғы жаңалықтар

Тоғыз жыл күткен жеңіс

Спорт • Бүгін, 11:30

Көңілден шыққан көрікті жер

Табиғат • Бүгін, 11:20

Дәрігерлер шыңы

Алматы • Бүгін, 11:10

Тау туризмі дамып келеді

Туризм • Бүгін, 11:05

Дулати дүниетанымы

Руханият • Бүгін, 10:55