
«Викторина сұрақтары Қазақстан ауыл шаруашылығына, сондай-ақ корпорация мен «ҚазАгроның» өзге де еншілес компаниялары қаржыландырған жобалар мен деректерге қатысты болмақ. Жеңімпаздар корпорацияның серіктестері, яғни отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдерінен құралған қоржындарды иеленеді», дейді мамандар.
«ҚазАгро» холдингінің стенді қазақстандық компаниялар жинақталған корпоративтік павильонда орналасқан. Нақты тұрған орнын еріктілерден сұрап білуге болады.
Көрмеге қатысты тағы бір жаңалық, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы Қала күніне арналған мерекелік акция жариялады. Астана тұрғындары мен қонақтары көрмеге үш билет сатып алатын болса, 1-10 шілде күндеріне төртінші билет тегін беріледі. Сондай-ақ, демалыс күндері 17 жасқа толмағандар көрмеге тегін кіре алады. Ал 12 жасқа толмаған балаларды тек ата-аналармен ғана кіргізеді. Оған қоса, жеке құжаттарды көрсету керек.
Сонымен қатар, компания арзан билеттерді сатылымға шығарды. Ол билеттермен кешкі сағат 18:30-дан бастап кіруге болады. Ал арнайы абонементті сатып алса, ЭКСПО аяқталғанша көрме аймағына кіріп-шығуға мүмкіндік бар.