Қазақстан • 30 Маусым, 2017

«Цифрлы армия» – ілгерілеудің алғышарты

194 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

«Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету се­кілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да пер­с­пективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде да­мы­ған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жа­ңа сапа дарытты». Н.Ә. Назарбаев (Қазақстан халқына Жолдауынан)

«Цифрлы армия» – ілгерілеудің алғышарты

Қазіргі заман ғылым мен техниканың серпінді дамуымен, әлеуметтік үде­ріс­тердің күрделіленуімен, өңделетін ақ­па­рат көлемінің тұрақты өсуімен, оның жаңару мерзімінің апталар мен тәу­лік­терден сағаттар мен минуттарға дейін қыс­қа­руымен сипатталады. Қоғамның ақпараттануы жаһандық әлеу­мет­тік үдеріске айналды. Оның ерек­шелігі за­манауи мик­ро­про­цес­сорлық және есептеу тех­ни­касының, сондай-ақ, ақ­па­раттық өзара әрекеттестік пен ай­ыр­­бастың түрлі құралдары негізінде жү­зеге асырылатын ақпаратты жинау, те­ру, өңдеу, жіберу, қолдану қызметтің не­гізгі түрі болуында. Қазірдің өзін­де кез келген мемлекеттік ор­­ган тұрақты не­гізде үлкен ақ­па­раттық ағындарға тап болып жа­тыр. Сонымен қатар, осы ағы­н­­­ның ішінен қойылған мақ­сат­тарға сәй­­кес келетіндерін ірік­теп алу қажет. Яғ­ни, кешенді мониторинг және орын алып жатқан үде­рістерге үздіксіз талдау жүр­гі­зілуі тиіс. 
Бүгінгі күні бүкіл әлемде ақ­па­раттық-ком­муникациялық технологияларды қол­дану, соның ішінде түрлі салаларда 2 «циф­р­лық телекоммуникациялық жү­йе­­лер­ді» құру басым бағыт болып келеді, армия осы үдерістен тыс қалмай отыр. 
Заманның жаңа сынақтарынан өту үшін, Қазақстанның Қару­лы Күштері дүние жүзінде орын алып жатқан бел­сен­ді үде­ріс­тер­ден шет қалмай, әс­кер­ді бас­қа­рудағы ұстанымдарды же­тіл­­діре тү­суде. Басымдықтар не­гізінен жау­ын­гер­лік басқару жә­не күнделікті іс-қи­мыл­дарды ав­томаттандыруға беріледі. 
Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қор­ғанысы күштерін мы­сал­ға келтірер бол­сақ, олар соң­ғы жылдары бірте-бірте қыз­мет­теріне автоматтандырылған бас­қару жүйелерін енгізіп ке­леді. Бұл өз кезегінде оларға әс­кер­лер мен күштер топтарын басқарудың тиімділігін арт­тыруға, жауынгерлік пайда­лану шешімдерін қабылдау уа­қы­тын қысқартуға және опера­ция­­ларды дайындауда ең қо­лай­­лы нұсқаларды таңдауға мүм­­­кіндік береді. Мұның бәрі ст­ра­те­гиялық бағыттардағы бір­ле­с­­­­­­­­кен іс-қимылдарды дайын­дау жә­не өткізу барысында Қа­­рулы Күштер әскерлерінің түр­­лі тектері мен түрлерінің ара­сын­дағы өзара әрекеттестік дең­­гей­ін арттыруға жағдай ту­ғы­зады. 
Сондай-ақ, Мемлекет бас­шы­сының «Цифрлы Қазақстан» бағ­дарламасын әзір­­л­еу бойынша тапсырмасын іске асы­ру мақ­са­тында Қазақстан Респуб­ли­ка­­­сының Қарулы Күштерінде әскердің күн­­д­елікті іс-қимылын тиімді басқару үшін жаңа ақ­па­раттық технологияларды қол­да­на отырып, «Цифрлы армия» бағ­­дар­ламасын әзірлеу басталды. 
Ол үшін мыналарды: 
1) ұлттық ғарыш аппарат­та­ры­ның ресурстарында спутниктік байланыстың жер үсті желісін құру; 
2) басқару нысандарында ақпа­рат­тық-телекоммуникациялық ин­фра­құ­ры­лым­ды құру; 
3) Қорғаныс министрлігінің цифрлы ғылыми-тәжірибелік базасын дамыту; 
4) ақпараттық қауіпсіздік жә­не арнайы мақсаттағы гео­ақ­па­раттық плат­фор­маны әзірлеу бой­ынша әскери-ғылы­ми хаб құру; 
5) IP-VPN цифрлы байланыс каналдарын қолдану; 
6) цифрлы автоматты стансалар мен те­лекоммуникациялық жабдықтарды қол­дану; 
7) түрлі мақсаттардағы цифр­лы ке­шен­дердің сандық радио­тарату және ра­­дио­қабылдау құ­ралдары, тактикалық ра­дио­бай­ланыс құралдарымен қару­лан­ды­ру; 
8) түрлі мамандандырылған бағ­д­ар­ла­малық қамтамасыз ету бойынша жұ­мыс­тар жүргізу. 
Жоғарыда көрсетілген қа­дам­дарды іс­ке асыру Қарулы Кү­ш- т­ер­­­­дегі құпия ақпаратпен алмасуды қауіпсіз ететін толыққанды жүйе­ні жасауға жол ашады. 
Бұдан басқа, «Цифрлық әс­­кери білім бе­ру мен ғы­лым» жобаларын іске асыру әскери оқу орындарының ғы­лыми-инно­вациялық әлеу­еті­нің дамуын тезде­туге, ал «Цифр­лы әскери медицина» әс­­кери қыз­меткерлер мен олардың от­ба­­­сыларына гарнизондардағы әскери-ме­дициналық бөлімшелер мен мекемелер­де заманауи меди­ци­налық қызметтер көр­сетуге мүмкіндік береді. 
Қазақстан Республикасының Ұлт­­тық ұланы да өз штабтары мен бө­лім­ше­лерінің күнделікті қы­з­ме­тіне ақ­па­раттық технологияларды енгізу ба­ғытын ұс­танады. Осылайша, қазіргі уа­қы­тта осын­да үш ақпараттық платфор­ма жүзеге асы­рылып, күнделікті қолданысқа енгізілді: 
1. Күнделікті өмірді басқару. 
2. Әскерлерді нақты уақыт режімінде басқару. 
3. Дағдарыстық жағдайлар орын алған кездегі басқару. 
Күнделікті қызметті басқа­ру платформасы аясында көп­дең­­гейлі жоспарлау және ақ­па­рат­тық қауіпсіздіктің ве­дом­ст­во­лық ақпараттық жүйесі қол­да­нылады. Осы ақпараттық жү­йе же­ке құрам мен жедел ақ­па­­ратты, жау­ынгерлік қызмет пен жауынгерлік дай­ын­дық іс-ша­раларын, көліктердің қоз­ға­­­лысы мен қоймаларға есеп жүр­­гізу бой­ынша міндеттерді ше­­­шуге арналған. Жүйе­нің әр мо­­­дулі біртекті және логикалы орын­­далған міндет болып та­бы­латын бір­неше төменгі дең­гей­дегі жүйелерден құ­ралады. 
Осы ақпараттық жүйені қол­дану есептердің барлық түр­лерін алу үде­ріс­­терін жеңіл­де­ту­ге, қағаз айналымын ай­тар­­лықтай қысқартуға, тал­да­малық зерт­теулер мен дағ­да­рыс­тық жағдайлар ба­ры­сында командирлердің шешім қабыл­дауы үшін мәліметтердің елеулі көлемін жинауға мүм­кін­дік берді. 
Нақты уақыт режімінде бас­қару платформасы жедел жағ­дай туралы мәліметтерді қоса ала отырып, кезекші қыз­мет­тер­дің қызметін автоматтанды­рады. Оларға жауынгерлік қыз­метті тексеру, жеке құрамды қыз­мет­­ке жолдау туралы мәлі­мет­тер, алдағы тәулік іс-ша­ра­ла­ры, жақ­сы үлгілер туралы ақ­па­рат және тағы басқалары жат­қы­зылады. 
Сондай-ақ, осы платформа аясында жылжымалы нысандарды мониторингтеу жүйесі – бұл объектілерді бақылау міндеттерін орындайтын және офицерлерге қарауыл мен көлік құралдарының осы кездегі орналасу орнын біліп отыру, ал оқиға орын алған жағ­дайда қысқа мерзімде шешім қабылдау мүмкіндігін беретін бағдарламалық-техникалық кешен. 
Жағдай күрделенгенде және әскер­лер түрлі даярлық дәре­же­леріне кел­тірілген жағдайда, сондай-ақ, коман­да­лық-штабтық жаттығулар мен оқу-жаттығулар үшін дағдарыстық жағ­дай­лар туындаған кезде ақпаратты басқару плат­формасы пайдаланылады. Оның мақ­саты – осындай жағдайлардың зардабын жою бойынша міндеттерді орындау ке­зінде бөлімшені басқару тиімділігін арттыру. 
Ұлттық ұланның қыз­мет­тік-жау­­ын­герлік қыз­ме­ті­не ақ­­па­раттық бас­қару плат­фор­ма­­сын енгізу барлық ден­гей­де­гі ко­мандирлердің ше­шім қа­­былдау же­делдігін айтар­лық­­тай арттыруға, ақпа­рат­тық ағым­­дарды өндеу кезеңдері мен мін­деттерді орындауға тар­тыл­ған офицерлердің санын қыс­қартуға мүм­кін­дік берді. Қазіргі уа­қытта, басқару қыз­метіне қа­тысты мәселелердің көбі ке­зек­ші ауысымның күшімен осы уақыт ауқымында шешілетін бол­ды, қағаз айналымы мен қо­сымша шығындар барынша қыс­қартылды. 
Әртүрлі кризистік жағдайлар пай­да болған жағдайда ық­пал­дастық органдар мен Ұлт­тық ұланның басқарма орг­ан­дарының бірлескен жұмы­сын тез арада бастап кетуге мүм­кін­дік беретін тетіктер іске асы­рыл­­­­­ған. Сонымен қатар, жедел ке­­­­­зекшіліктің құрылымы мен бас­қ­а­ру органдарының мазмұны өз­гер­мей­ді, тек қажетті материалдарды дайындау мен ақпарат көлемі, оны өңдеу жылдамдығы өз­гереді. Демек, алдын ала дай­­ындалған және өңделген а­л­го­ритм­дер кез келген жағдайда жұ­мыс істейді. 
Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі де өзі­нің күнделікті қызметтік-жау­ын­герлік әрекетінде цифрлы тех­нология өнімдерін белсенді қол­данады. Мысалға, ҰҚК ШҚ үшін әскерлерді шекаралық ба­қылау жүйесімен, соның ішін­де автоматтандырылған пас­п орттық бақылаумен жаб­дық­тау ең күрделі және басым мін­деттердің бірі болып та­бы­лады. Бұл жүйе тұлғалардың Мем­­лекеттік шекарадан өту тәр­тібін тек­серуге арналған. Ол ше­ка­ралық бақы­лау­дың арнайы бағ­дарламалары мен тех­никалық құ­ралдарының құжаттардың түп­нұсқалығын бақылаудың Бірыңғай ақ­параттық жүйесіне интегралданған құ­жаттарды тек­­се­рудің техникалық құ­рал­­да­­рын қолдану негізінде қалып­та­сады. 
Шекара қызметі Мемлекеттік ше­ка­ра­­дан өтуді қадағалау күн­делікті қыз­­метінде тұлға­лар­ды тануға бағыт­тал­ған бағ­дар­ламалық кешенді қолда­на­ды. Бұл бағдарлама адамдар ағы­нынан бей­не­бақылау ай­ма­ғын­да екенін білмейтін нақ­ты бір адам­ның бет-бейнесін «бө­ліп алу» принципі бойынша жұ­мыс істейді. Алынатын суреттер кри­миналистикалық фото-пор­т­ре­т­тік идентификация үшін жарам­ды. 
Бұдан басқа, контрабанданы анықтау мақ­с­атында тексеру се­нім­ділігін арт­ты­руға және тек­серу­ден жасырылатын зат­тар мен нәрселерді анықтауға детектор­лар қолданылады. 
Идентификациялық тексеру кешенін, рен­тгентелевизиялық аппараттарды, сон­­дай-ақ, контрабанда детекторларын қол­­дану Мемлекеттік шекарадан өтетін кө­­­лік құралдары мен жүктердің қу­­ыс­та­рында жасырылған кон­тра­банда­ны (қа­­ру-жарақ, есірткі заттары, жарылғыш зат­­тар және т.б.) тиімді анықтау мүм­кін­дігін береді. 
Осылайша, отандық Қарулы Күшт­ер, басқа да әскерлер мен әс­кери құрылымдар прогрестің бір орнында тұрмайтынын бі­леді. Қазақстан ҚК, ІІМ ҰҰ және ҰҚК ШҚ жаңа ақпараттық техно­логиялар мен техникалық әзір­­лемелерді белсенді зерттеп, ең қажетті және тиім­ді жаб­­дық­тарды қолданады. Осы ша­ра­­­лар әскерлеріміздің жау­ын­герлік дай­­ындығын, елі­міз­дің Мемлекеттік ше­ка­расының қор­ға­луын, мем­ле­кеттің қорғаныс қабілетін арттырады.

Мүслім Алтынбаев, Қауіпсіздік Кеңесінің 
Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі