Режиссер Қуандық Қасымов қойған Еврипидтің «Медея» спектаклі Ресейдің халық әртістері мен өнер майталмандарынан құралған қазылар алқасының көңілінен шыққан.
«Фестивальде алты театр өнер көрсетті. Спектакль ашық аспан астында өтті. Театр ұжымына ұмытылмас әсер сыйлаған сапардан жүлдемен оралғанымызға қуаныштымыз. Алдағы жылы біздің театрдың құрылғанына 80 жыл толады. Мерейлі датаға дайындықты бастап кеттік. Жақында Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне барып, Иран-Ғайыптың «Сүйінбай» драмасын сахналаймыз», – дейді театр директоры Берік Жәменов.
Қазір өнер ұжымы тағы бір додаға дайындалып жатыр. Алдағы қыркүйек айында АҚШ-тың Нью-Йорк, Вашингтон қалаларында өтетін халықаралық фестивальде Атырау театры да бақ сынайтын болады.
Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»
Фото: Ерлан Алтыбаев.
АТЫРАУ