Ұлттық спорт • 02 Шілде, 2017

Айбек Нұғымаров - «Қазақстан барысы-2017» турнирінің қола жүлдегері

94 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәл қазір елордадағы «Барыс Арена» мұз сарайында жетінші рет ұйымдастырылып жатқан «Қазақстан Барысы-2017» турнирі өтіп жатыр.

Айбек Нұғымаров - «Қазақстан барысы-2017» турнирінің қола жүлдегері

Үшінші орын үшін өткен белдесуде Айбек Нұғымаров пен Арман Қалиев белдесіп, Айбек Нұғымаров таза әдіспен жеңіске жетті. Сөйтіп, Айбек "Қазақстан барысы-2017" турнирінің қола белбеу иегері атанды. Сондай-ақ, ол үшінші орын иеленгені үшін бір миллион 800 мың алса, бапкеріне 900 мың теңге сыйақы берілді. 

Айта кетейік, турнирге жетінші рет қатысқан Айбек Нұғымаров бұған дейін 2013 жылы "Қазақстан барысы" атанған болатын.