«Турнирге алғаш рет қатысып жатқан соң жарыс алдында аздап қобалжу болғанын жасырмаймын. Финалға шыққаннан кейін қобалжуымды жеңіп, өз-өзімен сенімді бола бастадым. Бірінші Алланың қалауымен, екінші дайындығымның нәтижесі арқасында жеңіске жеттім десем болады. Жеңістің оңай келмегенін өздеріңіздер де көрдіңіздер. Қарсыластарымның барлығы тәжірибелі, бұрыннан жүлдегер, чемпион болып жүрген азаматтар. Сондықтан, жеңіске жету оңай болған жоқ», деді.
Айта кетейік, жетінші рет ұйымдастырылған «Қазақстан Барысы-2017» турнирінің қорытындысы бойынша Еламан Ерғалиев Бас жүлдені иеленсе, Ұлан Рысқұл екінші, Айбек Нұғымаров үшінші орынды місе тұтты.