Алдын ала болжам бойынша, шілде айында орташа ауа температурасы республиканың басым бөлігінде климаттық мәнге жуық болады деп күтілуде, тек батыс өңірлерде температура 1 градусқа нормадан жоғары болады.
СҚО, Ақмола, Қарағанды облыстарының басым бөлігінде, сондай-ақ ШҚО және Алматы облыстарының таулы және тау маңындағы аудандарында айлық жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары, ал республиканың қалған өңірлерінде нормаға жуық және төмен болады деп болжанады.
Айдың басында белсенді циклон ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде күн күркіреп, жауын жауады, жел 9-14-ке, кей жерлерде 15-20 м/с-қа күшейеді, жекелеген өңірлерде бұршақ жаууы ықтимал. Ал оңтүстік және оңтүстік батыс өңірлерде антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ашық ауа райы болжанады.
Ауа температурасы батыста түнде 15...20 градус жылы, күндіз 30...35 градус жылы; солтүстікте, шығыста және орталықта түнде 13...18 градус, күндіз 28...33 градус жылы; оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және оңтүстік-батыста түнде 20...28, күндіз 35...40 градус ыстық болады.
Мереке күндері (6-9 шілде) Ресейдің Еуропалық аумағынан антициклонның келуіне оры аспан ашылып, солтүстікте ауа температурасы 33-38, оңтүстік бөлігінде күндіз 42 градусқа дейін ысиды. Сосын циклонның кезекті енуімен және олардың фронтальдық ағындарына байланысты ауа райы қайта нашарлайды деп күтілуде. Ай ортасында Орталық Азиядан жылы ауаның келуі температураның көтерілуіне ықпал етеді, екінші онкүндік соңында, үшіншінің басында барикалық құрылымдардың ішінара ауысуымен ыстық күндер салқын, жауын-шашынды ауа райына ауысады.