Аймақтар • 04 Шілде, 2017

Солтүстік Қазақстан әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан өңірінің басшысы Құмар Ақсақалов облыс активіне жаңа орынбасарын таныстырды.

Солтүстік Қазақстан әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Жандарбек Дәурен Жандарбекұлы облыс әкімінің индустриальды-инновациялық даму, инвестиция тарту, кәсіпкерлік және туризм мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Дәурен Жандарбек 1981 жылы Жамбыл облысы Шу ауданы Ленин ауылында туған. М. Дулати атындағы қазақ экономикалық университетін, Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясын бітіріп, экономист, заңгер, саясатттанушы мамандықтарын алып шыққан. Қазақ, орыс, турік, ағылшын тілдерін меңгерген.

Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қалалық табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінен бастаған. 2005-2015 жылдары жетекші маманнан депатрамент басшысына дейінгі қызмет жолынан өткен.

Осы уақытқа дейін Еуразия экономикалық комиссиясы мемлекеттік сатып алу саласы бойынша бәсекелестік саясат және саясат департаментінің директоры болған.

Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы