Әлем • 05 Шілде, 2017

Қатар кикілжіңі қатерлі ме?

331 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Араб монархтарының Қатарға дипломатиялық соғыс жариялағанына да бір айдай уақыт болды. Сарапшылар болжағандай, осы мерзімнің ішінде Қатар айналасындағы ахуал ушыға түсті, бірақ ашық жағдайға жете қойған жоқ. Дегенмен де Парсы шығанағы мен Таяу Шығыстағы шиеленіс елдердің өздерін де, байқаушыларды да қысымда ұстап отыр.

Қатар кикілжіңі қатерлі ме?

Брюссельде өткен НАТО ел­де­рі қорғаныс министрлерінің кез­десуіндегі басты мәселе де осы Қатар төңірегінде өрбіді. Бұ­дан кейін Түркия мен АҚШ-тың қор­ғаныс министрлері Фикри Ишык пен Джеймс Мэттис  жеке жүз­десіп, Қатар дағдарысы және Сирия мен Ирактағы әскери қақ­тығысты реттеу мәселесін ке­ңінен талқылады.
Деректерге қарағанда, өзара қақ­тығысқан тараптар ара­сын­дағы диалогты жүргізуге бел­гілі бір алғышарттар қалыптаса бас­та­ған. Мәселен, Қатардың сырт­қы істер министрі Мұхаммед бен Абдуррахман Әл-Тани Қатардың Парсы шығанағы елдерімен дип­ло­­матиялық қарым-қатынасты, дағ­­дарысты реттеуге дайын еке­нін жариялады. Бұл туралы министр Вашингтонға барған сапарында журналистерге мәлімдеді.
«Доха өңірлік дағдарысқа қа­лай нүкте қоюға болатыны жө­нін­дегі «ақылды шешімдерді» араб мемлекеттерімен бірге тал­қы­лауға дайын», деді министр. Ол Вашингтонға сапары кезінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Ре­кс Тиллерсонмен келіссөздер жүр­­­­г­і­зіп, «қақтығыстың саяси ше­ші­лу перспективаларын» тал­қы­лағанын айтты. Министр­дің сө­зін­ше, Тиллерсон араб ел­де­рі­нің Қа­тарға қойып отырған тала­бы «іс­ке асырылуы жағынан күр­де­лі» деп бағалаған.
Қатар оның алдында Сауд Араб­иясы, Бахрейн, Мысыр, Бі­ріккен Араб Әмірліктері қой­ған ультиматумнан бас тартқан бо­латын. Олар Иранмен әскери жә­не дипломатиялық әріптестік дең­гей­ін төмендетуді, «Әл-Жазира» те­леарнасын жабуды, Қатар қа­был­даған, іздестіруде жүрген бар­лық адамды қай­та­руды, Сауд Ара­биясы, Бахрейн, Мысыр, БАӘ  азаматтарына қорғаныс ме­кен­де­рін ұсынуды до­ғаруды талап етіп отыр. Сондай-ақ, Түркияның әс­кери базасын жа­буды да талап еткен. Бұған дей­ін Түркия пар­ла­менті Қа­тар­дағы базаға тү­рік­тің әс­ке­ри қызметшілерін ор­на­лас­ты­ру­ға рұқсат беретін заңды қа­был­дап, осы елде жандармдарды оқы­ту жөніндегі әріп­тестікке қол жеткізген болатын. Оның ал­дында Түркия сыртқы істер ми­ни­стрлігінің өкілі Анкара мен Доханың Қа­тарда түрік әс­ке­ри ба­засын құру туралы ниеті ба­рын ра­стаған еді. 
Қатарда түрік әскери база­сы­ның орналасуы екі ел арасын­да 2015 жылы қол қойылған қау­іп­­сіз­­дік пен жандармерияны оқы­ту са­ласындағы келісімге сәй­­кес жү­зеге асырылғанын да еске сала ке­тейік. Мұның бәрін екшей келгенде, туындап отырған дағдарыстың өңір­лік және жаһандық ойын­шы­лардың әрекетінсіз шешіл­мей­­­тінін бағамдауға болады. Осы тұрғыдан алғанда, Түр­кия жә­­­не АҚШ секілді ық­пал­ды ой­ын­шылардың Қатар дағ­да­ры­сын бір­­­т­індеп реттеуге әбден мүм­кін­дігі бар. 
Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдері және Қатар арасында шиеленіскен дип­ло­матиялық қақ­тығыс соң­ғы жылдардағы өңір­лік тұрақ­ты­лықты сақтауға үл­кен сынақ болды. Биыл 5 мау­сымда Сауд Арабиясы мен оның одақтас­тары Қатармен дип­ло­ма­тия­лық қарым-қатынастың үзіл­ге­­нін мәлімдеді. Олар Доханы ау­мағындағы экстремизм мен террористік топтарды қолдады деп кінәлап отыр.
Әлбетте, араб елдері ара­сын­дағы мұндай кикілжіңнің болуы кез­дейсоқтық емес. Бұған дейін де Қатар өзге елдердің ісіне ара­лас­ып, террористік топтарды қол­­дады деп айыпталған болатын. 2014 жылдың наурыз айында Бахрейн, Сауд Арабиясы жә­не Біріккен Араб Әмірліктері Дохадағы өз елшіліктерін ке­рі шақырып алды.  Алайда, дип­ломатиялық байланыстың үзіл­гені өз алдында, Қатарды мүл­де оқшаулап тастады. Қазіргі таң­да Әмірліктермен құрлық, әуе, теңіз қарым-қатынасы тоқ­татылды. Монархия, сондай-ақ, Сауд Арабиясы коалициясы бас­қаратын Йемендегі әскери операциядан шеттетілді.
Сарапшылардың айтуынша, Парсы шығанағындағы шие­ле­ніс­тің әрі қарай дамуы Қатар мен басқа да араб мемлекеттері ара­сын­дағы қарсылыққа тіке­лей байланысты. Егер кикіл­жің жал­ғаса беретін болса, оның өңір­лік және әлемдік эко­но­ми­каға тигізер зардабы көп бол­мақ.
Парсы шығанағы елдері үшін көмірсутегі саудасы – экспо­рт құ­рылымында басты рөл ат­қа­рад­ы, олардың арасында сауда-саттық, инвестициялық байланыс осалдау. Бұл, айналып келгенде, қақтығыстың экономикалық тұ­рақтылыққа тигізетін әсерін азай­­тады. Мәселен, БАӘ – Қа­тар­­дың Шығанақтағы ірі сау­да серіктесі. Қатардың қор на­ры­ғын­дағы аумақтық елдер ак­тив­терінің үлесі 5-тен 10 пайыз ша­масында. Яғни, ойыншылар нарықтан кеткенінің өзінде на­рықтың құлдырау қаупі жоқ. 
Қатармен арадағы алау­­ыз­дыққа байланысты Мысыр жа­­па шегуі мүмкін. Жыл басынан бері Мысырдың газды импорт­тау саласындағы қатарлық жет­кізушілердің үлесі 84 пайызды құ­раған. Мысырдың электр энер­ги­ясының 80 пайызы табиғи газ өн­діретін электрстансаларда шы­ға­рылады. Демек, Қатардан ке­ле­тін импорт жарықтың үздік­сіз ке­луі үшін қажет. 
Осы кикілжіңге қатысы бар елдер жағдайдың осылай у­шық­­­қанын объективті түр­де қаламайды. Бір-біріне тәу­ел­­ді Парсы шығанағы елдері дағ­дарыстан шығудың жолда­рын іздестіретіні анық. Осы тұр­ғы­дан алғанда, бұл саяси жағдай әскери қақтығысқа ұласпайды.
Сауд Арабиясы үшін де Парсы шы­ғанағы мем­ле­кет­те­рінен бө­лін­гені тиімді емес. Олар екінші тараппен ерекше мәмілеге келуді жөн санайды. Мысалы, Қатардың Сауд Арабиясы мүддесін көбірек көздегенін қалар еді. Тіпті, Қатар шегінді дегеннің өзінде олардың қолында үлкен қаржылық ресурс және АҚШ қолдап отырған әскери күш бар. Сондықтан Қатар жеке саясатын жүргізе бе­руге тырысады. Бұл келешекте де дәл осындай дағдарыстың қай­талануына әкелуі мүмкін. 
Араб мемлекеттері мен Қатар ара­сындағы дипломатиялық қақ­ты­ғыс Астанадағы Сирия жө­ніндегі келіссөздердің ілгері­леу­­іне кері әсерін тигізуі де мүм­кін. Кикілжің әрі қарай созыла бер­­се, әртүрлі араб елдерінің өкіл­­дері бақылап отырған ішкі Сирия оппозицияларының қар­сы­лығын күшейте түсуі де ғажап емес.
Жалпы, бұл кикілжің Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының пә­туаластығына онша әсер ете қоймаса да, сұйытылған табиғи газ тасымалына салқынын тиг­і­з­уі мүмкін. Себебі, Қатардың кө­бі­несе газ шығаратын мемлекет екені белгілі. 

Руслан ІЗІМОВ, саясаттанушы