Аймақтар • 05 Шілде, 2017

СҚО: Астана күні қарсаңында полицейлер марапатталды

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

СҚО облыстық ішкі істер депатаментінде өткен жиын Астана күніне арналып, бір топ полиция қызметкерлері әртүрлі марапаттарға ие болды.

СҚО: Астана күні қарсаңында полицейлер марапатталды

Салтанатты шараны  департамент бастығы, генерал-майор Берік Біләлов ашып,  айтулы мерекенің маңыздылығын атап көрсетті. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде тәртіп сақшыларымыз   қоғамдық тыныштық күзетінде жүр. 178 ардагеріміз көрмені тегін тамашалап қайтты», деді Берік Сұлтанғазыұлы. Ғ. Мүсірепов аудандық ІІБ-ның басшысы  Айдос Ыдырысовқа Президенттің Алғыс хаты салтанатты жағдайда  тапсырылды. Ол  бұл салада  18 жыл  еңбек етіп келеді. Оған кәсіби шеберлік, еңбекқорлық, талапшылдық тән.14 офицер мен сержантқа кезектен тыс әскери шен берілді. Барлығы 40-қа жуық  полиция қызметкері мерекелік  медальдар, грамоталар, алғыс хаттар иеленді. Жиын соңы мерекелік концертке жалғсты.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы