Аймақтар • 07 Шілде, 2017

Өскемен әкімдігі тұрғындарды жайлы бөлмеде қабылдайды

92 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласының әкімдігiндегi жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау секторы жұмыс кестесін толық өзгертті деуге болады. Жұмыс кестесі ғана емес, тұрғындарды қабылдайтын бөлмелер де адам танымастай өзгеріп, арыз- шағымын айта келгендер кiдiрiссiз кiруi үшін арнайы жұмыс тобы құрылыпты.

Өскемен әкімдігі тұрғындарды жайлы бөлмеде қабылдайды

Енді өскемендiктер жайлы бөлмеде теледидар көріп отырып, өздерін толғандырған мәселелерін жазып, қалдыра алады.

«Қуат Тұмабаев қала әкімі қызметіне тағайындалғаннан кейін бірден осы мәселеге ерекше назар аударып, арнайы қаржы бөлдірiп, күту залын ашқызды. Бұл бөлімде тұрғындардың өтініш жазуына қажет қалам, қағаз, принтерi бар компьютер қойылған. Қазіргі уақытта әкімдіктің кеңсесінің жұмыс кестесінің уақыты ұзартылып, таңғы сағат 08:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс iстейдi» – дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Қайратбек.

Айта кетейік, қала әкімі Қ.Тұмабаев енді ай сайын шаһар тұрғындарына облыс орталығында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде бейне есеп беруді жоспарлап отыр.

Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
ӨСКЕМЕН