Аймақтар • 08 Шілде, 2017

Астанада өңіраралық жəрмеңке өтуде

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында Солтүстік Қазақстан, Алматы, Атырау облыстарының жәрмеңкесі өтуде, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Астанада өңіраралық жəрмеңке өтуде

Аталған аймақтардан жалпы 2500 тонна өнім əкелінді. Онда ет, сүт, өнімдері, макарон өнімдері, қант, картоп, көкөніс т.б. тағамның 100 түрі жеткізілген.

Ауылшаруашылық жәрмеңкесі екі күн өтеді. Онда Астана тұрғындары мен қонақтары базар бағасынан 15-20% арзанға азық-түлік сатып ала алады.

Айта кетейік, жәрмеңкеде əртүрлі фестивальдер, еліміздің аймақтарынан шығармашылық ұжымдар ойын- сауық, концерттік бағдарлама ұсынады. Жыл басынан бері əкімдік осындай 20 жәрмеңке ұйымдастырды. Облыстардың басым бөлігі өз өнімдерін əкелді. Келесі аптада Ақмола, Қызылорда, Батыс-Қазақстан жəне Атырау облыстары жəрмеңке өткізеді деп жоспарланған.