Парламент • 10 Шілде, 2017

Тоқаев «Атлантикалық кеңес» басшысымен кездесті

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Атлантикалық кеңес» президенті Фредерик Кемпті қабылдады, деп хабарлады аталған палатаның баспасөз қызметі.

Тоқаев «Атлантикалық кеңес» басшысымен кездесті

Қ.Тоқаев ықпалды американдық аналитикалық орталықтың басшысымен әңгіме барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Спикер Ақ үйдің жаңа әкімшілігімен Астананың арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары ядролық қауіпсіздік, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, терроризмге қарсы күрес, сондай-ақ өзекті халықаралық мәселелер деп санайды.

Тараптар Орталық Азиядағы халықаралық жағдайды және аймақтық қауіпсіздік мәселелерін талқылады.