![Премьер-Министр Латвия Президентімен кездесті](/article_photo/1499685922_article_b.jpeg)
Кездесу барысында жеңіл және тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, туризм салаларында, сондай-ақ білім беру, азаматтық авиация және медициналық туризм кадрларын даярлау саласындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Транзиттік-көліктік бағыттағы өзара іс-қимыл мәселелеріне және шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлінді.
Қазақстан мен Латвия арасындағы сауда айналымы 2016 жылы 126,2 млн долларды құрады (экспорт - 93,5 млн долл., импорт - 32,7 млн долл.). 2017 жылдың қаңтар-сәуірінде: $31,8 млн (экспорт - $25,3 млн, импорт - $6,5 млн).
Бүгінде Қазақстанда 60-тан астам қазақстандық-латвиялық бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді.