Қазақстан • 10 Шілде, 2017

Қазақстанда бір аптаның ішінде 38 адам суға ағып кетті

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел аумақтарында өткен аптада 38 адам, соның ішінде 11 бала суға ағып кетті, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Қазақстанда бір аптаның ішінде 38 адам суға ағып кетті

3-9 шілде күндері құтқарушылар суға батқан 10 адамды, соның ішінде 5 баланы құтқарып қалды.

Балалардың қаза табуының негізгі себептері арнайы жабдықталмаған  жерде шомылу, балық аулауда ережелерді бұзу, сондай-ақ балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру болып отыр.

Балалар ең көп суға кеткен облыстардың ішінде Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бар. Бұдан бөлек, Қызылорда облысының Сырдария өзенінде, Қостанай облысының Тобыл өзенінде және Батыс Қазақстан облысының Көшім каналында іздестіру жұмыстары жүргізілуде.