Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрында Қазақстан Президенті мәдениет орталығының «Ұлттық дәстүрлер театрының» «Бәйтерек» спектаклінің қойылымы өтті. Екі күн қатарынан қойылған спектакльге жұртшылық көп жиналды. Спектакльде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әдеби бейнесі айшықты шыққан. Елбасының адами толғанысы, мінез-құлқы, бітім-болмысы сюжеттік көріністерге арқау болған.
– Бұл театрдың гастрольдік сапармен биыл екінші рет шығуы. Мұның алдында Павлодарда болғанбыз. Бұл қойылымда Елбасының бейнесін жасаумен бірге, тәуелсіздігіміздің бүгінгі жеткен биігін ашуға тырыстық. Қойылымда бәрі бар, би де, ән де, халқымыздың суырыпсалма ақындық өнері де көрініс табады. Бұл спектакль синтездік өнер туындысы. Осылардың бәрі Елбасының бейнесін ашуға қызмет етеді. Елбасы атқарған қыруар жұмыстар спектакльді көргенде көз алдыңа келе қалады,–дейді театрдың режиссері Сәулебек Асылханов.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.