Жарысқа халықаралық дәрежедегі төреші Юрий Портнягин қазылық етуде. «Алакөл - 2017» облыстық жарысқа 70-ке жуық адам қатысып жатыр. Олар жас ерекшеліктеріне байланысты үш санат бойынша марапатталады. Қатысушылар жалпы 14 шақырым жолды жүгіріп және велосипедпен жүріп өтеді. Мәселен, 2 шақырымды - жаяу, 10 шақырымды - велосипедпен, одан кейін тағы 2 шақырымды жаяу еңсереді. Спорттық додаға қатысушылардың ең жасы 16 жаста болса, ең үлкені 60-қа таяп қалған. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да шараға өз үлесін қосып - спортшылармен бірге жарысқа қатысып жатыр. Эстрада жұлдыздары ән шырқап, кештің көркін қыздыруда.