Кино • 16 Шілде, 2017

Қазақстандық актер Владимир Толоконников дүниеден озды

116 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін түнде қазақстандық актер Владимир Толоконников дүние салды.

Қазақстандық актер Владимир Толоконников дүниеден озды

Қайғылы хабарды «Қазақфильм» АҚ-ның баспасөз хатшысы Дмитрий Шишкин растады. «Қайғылы жаңалық. Бүгін түнде ұзақ сырқаттан кейін Владимир Толоконников қайтыс болды. Қазір оны ақтық сапарға шығарып салу жұмыстарымен марқұмның досы, режиссер Константин Харалампидис айналысып жатыр. Әзірге нақты ақпарат жоқ, бірақ қоштасу рәсімі сейсенбі күні Мәскеудегі Кино үйінде өтеді деп күтілуде. Ал денесі Троекуровск зиратына жерленеді. Еліміздің талантты әртістерінің бірінің жатқан жері жайлы болсын", - деді Дмитрий Шишкин.

ҚР мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы фейсбук парақшасында "Владимир Алексеевич Лермонтов атындағы орыс драма театрында 40 жылдан астам уақыт еңбек етті. 24 маусымда небəрі 74 жасқа толған-тұғын. Жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамын", деп жазды. Әртістің ұлы Иннокентий хабарласқан ресейлік ақпарат агенттіктеріне әкесінің көз жұмғанын растады.
Владимир Толоконников 1943 жылы 25 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. ҚазКСРО-ның еңбек сіңірген әртісі. 1973 жылы Ярославль театр училищесінің актерлік факультетін аяқтады. 1988 жылы «Собачье сердце» фильмінде Полиграф Полиграфович  рөліy сомдағаннан кейін аса танымалдылыққа ие болды.  Сондай-ақ П.В.Точилиннің «Хоттабыч» фильмінде басты рөлді ойнады, онда актер интернет-мәдениетпен бетпе-бет келген қазіргі заманның джині болады. Хоттабыч рөлі үшін «MTV-2007»  киножүлдесінің номинациясын жеңіп алды. Толоконников 60-тан астам фильм мен сериалға түскен. Соңғы жылдары Алматыдағы Лермонтов атындағы республикалық академиялық орыс драма театрында жұмыс істеп, онымен бір мезгілде киноға түсіп жүрді.