Аймақтар • 16 Шілде, 2017

Өскеменде жас инспекторлардың республикалық слеті өтіп жатыр

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменде балғын инспекторлардың бәсекесі басталды. Ғазиз Байтасов атындағы жас инспекторлар қозғалысының 17-ші республикалық слеті 9 күнге созылатынын айтады ұйымдастырушылар.

Өскеменде жас инспекторлардың республикалық слеті өтіп жатыр

Болашақ жол сақшыларын даярлауға ықпал ететін бұл шара облыс орталығының іргесіндегі, тамаша табиғат аясында орын тепкен «Дарын» өңірлік ғылыми-практикалық орталығында өтеді. Ресей мен Тәжікстан мемлекеттері және еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 180 оқушы «Жол жүрісі қағидасын білу», «Жас реттеуші», «Велосипедті мәнерлеп жүргізу», «Эрудиттер байқауы», «Жас санитарлар», «Велосипедті автоқалашықта жүргізу», «Үгітбригадалар байқауы», «Саптық жарыс» аталымдары аясында бақтарын сынап, баптарын байқайтын болады.
«Шырайлы Шығыс топырағында осымен үшінші мәрте жалауы желбіреп отырған дүбірлі додаға қош келдіңіздер. Бұл сайыс оқушылардың заң мен тәртіпті біліп қана қоймай, қоршаған орта, жақын-жуық, дос-жаран, ата-анасын құрметтеуге үйретеді. Жарыста тек мықтылар жеңіске жетсін», - деді халықаралық деңгейдегі бәсекенің ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыстық Ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары, полиция полковнигиі Ерлан Кәрменов.
Реті келгенде айта кетейік, бұл слет Өскеменде 2009, 2014 жылдары өткізіліп, біздің өңірдің құрамасы жыл сайын ұйымдастырылатын байқауда төрт мәрте топ жарыпты.

Азамат ҚАСЫМ
«Егемен Қазақстан»