Бокс • 17 Шілде, 2017

Мен мұндай жекпе-жекті 20 жыл күттім - Головкин

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин қыркүйекте болатын мексикалық Сауль Канело Альвареспен жекпе-жектен не күтетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 

Мен мұндай жекпе-жекті 20 жыл күттім - Головкин

"Мен мұндай жекпе-жекті 20 жыл күттім. Альварес бұған дейін жұдырықтасқан жігіттерден бөлек. Ол мықты жігіт, нағыз чемпион. 16 қыркүйекте біз нағыз бокс шоуын жасаймыз", - деп келтіреді Головкиннің айтқанын ESPN.

Мұның алдында Головкин "Канеломен" жекпе-жекке өте жақсы дайындықта шығуы керектігі туралы айтқан. Өйткені ол Абель Санчес даярлаған жекпе-жек жоспарын толық жүзеге асыруы керек.  Жекпе-жек Лас-Вегастағы 20 мың адам сиятын T-Mobile аренасында өтеді, ал билеттердің бәрі сатылып кеткен. Бокс кешін HBO  арнасы ақылы трансляциялар жүйесі арқылы көрсетеді. 

Соңғы жаңалықтар

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 09:15

Сарқылмас ойдың кені

Қоғам • Бүгін, 09:10

Ырыздықты молайтуға ұмтылыс

Шаруашылық • Бүгін, 09:07

Көктем шуағын еселеген саябақ

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Әмбебап медиаменеджер

Руханият • Бүгін, 08:53

Әдеби сынның бәсі қандай?

Әдебиет • Бүгін, 08:50