![Астанада үлескерлерді қолдау орталығы құрылды](/article_photo/1500267223_article_b.jpeg)
«Елордада прокуратураның бастамасымен үлескерлерді қолдау орталығын құру ұсынылуда. Ол Астана қаласы, Сейфуллин көшесінің басындағы (188 көше) ХҚКО ғимаратында орналасады. Енді азаматтар мемлекеттік органдардың əкімшілік ғимараттарында кезек күтіп тұрмайды. Барлығы бір жерде - бір терезе қағидасы бойынша болады», - деп хабарлады Facebook əлеуметтік желісінде Бас прокуратура департаментінің аға прокуроры Ринат Əтембеков. Үлескерлік құрылыс сұрақтары бойынша барлық азаматтарды Астана қаласы əкімдігінің қызметкерлері қабылдайды.