Театр • 18 Шілде, 2017

Австрияда – Поллион, Астанада – Төлеген

121 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл спектакльдің премьерасы биыл көктемде ғана өткен бола­тын. Содан көп ұзамай қазақ­стан­дық әнші тағы 11 қой­ылымда Рим проконсулының пар­тия­сын шыр­қа­ды, сөйтіп өнер иесінің сах­на­лық са­пары 23 маусым күні қо­рыт­ын­дыланды.

Австрияда – Поллион,  Астанада – Төлеген

– Бұл қойылымды біз бір ай  ішінде әзірлеп үлгердік, ма­ңызды музы­ка­лық әрі ре­жи­с­сер­лік жұмыс жүріп жатты. Мұны ба­сында өзіме алып тұрып, іш­тей біраз қобалжыдым, өйткені кез кел­ген жаңа, күрделі партияға тәу­екел ету үшін адамға жүрек ке­рек. Сол тұр­ғы­дан келгенде, «бұл менің қолымнан ке­ле қояр ма екен?» деп толқығаным рас. Бі­рақ бір жағынан, бельканто сти­лін шыңдап жатырмын деген зор қуа­ныш­пен жұмысымды жал­ғас­тыра бер­дім, себебі бұл рөлдің ой­дағыдай орындалуы кейінгі бас­қа спектакльдерге оң ық­палын ти­гізері сөзсіз. Күндер өте кү­дік күші бір­те-бірте азая берді. Маған мұн­да­ғы музыкалық аура қат­ты әсер етті. Әлемге әйгілі ән­­шілермен бір сап­та тұру әнші үшін қандай бақыт еке­­нін өнер адам­­да­ры жақсы біледі. Осы­ның бә­рі менің сах­надағы жо­лым­­ды, ты­нысым­ды ашты. Ак­тер­лік ше­берлігімді шыңдадым, нә­­ти­­же­сін­­де көрерменге жақсы ойын мен тех­­ни­­камды көрсеттім. Әріп­тес­те­рім мені өте жоғары ба­ға­лады, – деді М.Шотабаев Авс­т­рия сапары жайында.

Спектакльден кейін солист ту­ралы музыкалық сын­шы­лар­дың мақаласы жарық көр­ді. Не­міс тілінде шығатын сон­дай ба­сылымдардың бірі – «Kro­nen Zeitung» ол жайында: «Қа­зақ­стан­дық жас әнші өзінің сың­ғыр­лаған кең ауқымды даусын, икемді техникасын паш етті» – деп жазды.

Қазақ елінің мәртебесін шынайы өне­рі­мен биіктеткен әнші қай жерде өнер көр­сетсе де бар­лық афи­шаларда оның есі­­мімен қо­сар­ланып «Астана Опера» те­ат­­ры, Қазақстан атауы бірге жүреді екен.

– Бұл сапарда өте көлемді жұ­мыс ат­қарылды, күнара ән шыр­қадым, ә­р­дайым көтеріңкі кө­ңіл күйде болдым. В.Беллинидің «Нор­ма» операсы бельканто с­тилі үл­гісіндегі шыңдардың бі­­рі еке­нін атап өткен жөн. Спе­к­­так­льдер ара­­сында Братис­ла­ва­­ға барып қайт­тым, ол жерде Чайковскийдің «Евгений Оне­гин» операсындағы Ленский пар­тия­сын орындадым. Осыдан сах­на­лық ман­сабым өсті, бұл пар­тия­ны тағы Бра­зилияда ұсын­дым. Көрермендер мен бас­шы­лық­қа ұнағаны соншалық, ме­ні ке­лесі маусымда Дж.Вердидің «Тра­­ви­ата» операсындағы Аль­фред партиясын орындауға ша­қыр­­ды, – деп алдағы са­парлары жай­­ында да ойымен бөлісті әнші.

Медет Шотабаевтың шетел­ге сапа­ры үш айға созылыпты. Ел аралап, алыс­қа атыңды та­ныт­қан жақсы әри­н­е, алайда «өз үйің – өлең төсегің» де­мекші, сүй­ікті ән­шісін қазақстандық жан­­күй­ер­лер де әбден сағынып қал­ған тә­різ­ді. Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» опе­расынан сүйікті ән­ші­сінің даусын ес­тіген жұрт ерекше толқып, қошеметтеп ұзақ қол соқ­ты. Өйткені, бұл операда Медет Төлегеннің партиясын орында­ды. Ал тамызда әнші атақты ма­эстро Пласидо Домингомен бір­ге Дж.Вердидің «Травиата» спек­так­лінде өнер көрсетпек.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»