Әлем • 18 Шілде, 2017

Димаш «Славян базары» фестивалінде ән салды (видео)

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Беларусьтің Витебск қаласында өткен «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінің жабылу салтанатында қазақстандық әнші Димаш Құдайберген құрметті қонақ ретінде «Адажио» әнін орындады.

Димаш «Славян базары» фестивалінде ән салды (видео)

Димаш өзіне осындай мүмкіндік туғызған фестиваль ұйымдастырушыларына өз алғысын білдірді.

Айта кетейік, «Славян базары» фестиваліне биыл Қазақстан атынан Айгерім (Ayree) Рақышева өнер көрсетіп жатыр. Байқаудың екі кезеңінің қортындысы бойынша украиналық әнші Влад Сытник және белорус әншісі Егора Шаранкова 151 балдан иеленіп, алға шықты.

Осыған дейін Қазақстан атынан Алишер Каримов, Мархаба Сәби, Динара Сұлтан, Бердібек Құлғараев қатысқан. Ал 2015 жылы Димаш байқаудың бас жүлдесін жеңіп алған болатын.