18 Шілде, 2017

Мемлекет басшысы Бас прокурордың орынбасарын қызметінен босатты

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Кравченко Андрей Николайұлын Бас прокурордың орынбасары қызметінен босатты, - деп хабарлады akorda.kz.

Мемлекет басшысы Бас прокурордың орынбасарын қызметінен босатты

Хабарламада «Мемлекет басшысының Өкімімен Андрей Николаевич Кравченко Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметінен босатылды», деп жазылған.  

Андрей Кравченко 1966 жылы 19 шілдеде Алматы облысында дүниеге келген.

1991 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітіріп, 2011 жылы Мәскеу бизнес-мектебінде іскерлік әкімшілендіру мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

Еңбек жолын 1983 жылы сот органдарында бастаған.

1991 жылдан бастап салық қызметі органдарында жұмыс істеген.

1994 жылдың қарашасынан бастап прокуратура органдарына қызметке кірген. Одан кейін прокурорлық кәсіптің барлық деңгейінен өтіп шыққан.

2001 және 2011 жылдар арасында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасындағы Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментінің басшысы қызметін атқарған.

2011 жылдан бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары болып келді.

II дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және өзге де мемлекеттік наградалармен марапатталған.

Үйленген. Екі баласы бар.