Мәселен, жыл басынан бері Астана қаласының ЖПҚ табиғатты қорғау полициясы пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру бойынша 22 факт анықтаған. Мұндай қазбаларға құм, қиыршық тас, ұсақ тас, топырақ жатады. Барлық факт бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде. Процессуалды шешімдер шығару үшін аталған жағдайлар бойынша материалдар Астана қаласының ІІД тергеу басқармасына берілген.
Анықтама үшін: 2016 жылы қазбаларды заңсыз өндіру бойынша 55 факт тіркелген. ӘКтҚРК-нің «Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» заңының 590 бабын бұзғаны үшін жыл басынан бері әкімшілік жауапкершілікке 18 жүргізуші тартылған. Қазбаларды заңсыз пайдалануға жол бермес үшін Астана қаласының ІІД жергілікті полиция қызметкерлері күндіз-түні заңсыз қазба жұмыстары жүргізілуі мүмкін деген орындарда көлікпен және жаяу рейдтер жүргізеді. Астана қаласы ІІД жергілікті полиция қызметі қазба материалдарын пайдалану заңын бұзу бойынша фактілерді анықтаған жағдайда 42-08-92, 8701 700 97 99 хабарласуды сұрайды.
Бұдан бөлек, құм, топырақ және де өзге де материалдарға тапсырыс беретін құрылыс және басқа да коммерциялық ұйымдарға өкілетті органдардан арнайы рұқсаты бар кен орындарынан тауарларды қабылдау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.