Аймақтар • 19 Шілде, 2017

Жас сарбаздар әскери ант берді

694 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық ұланның Семейдегі 5511-әскери бөлімінің қатарына Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстарынан келген 200 жас сарбаз келіп қосылды.

Жас сарбаздар әскери ант берді

Жас жауынгерлердің ант бе­ру салтанаты Семей қала­сы­ның орталық алаңында өтті. Қа­ла әкімі Ермак Сәлімов, Ұлт­­­тық ұланның «Шығыс» өңір­­­лік қолбасшылығы қол­бас­­шысының тәрбие ісі және әс­­кери-құқықтық жұмыс жө­нін­дегі орынбасары, полковник Ниязтай Алкешев және ар­дагерлер жастарға сәт­ті­лік ті­­леп, Отанға адал қыз­мет ету­ге ша­­қырды. 
Салтанатты шара барысында Ұлттық ұланның жас сарбаздары Калашников автоматымен түрлі жаттығулар, тә­сілдер көрсетті. Әскери ант беру, бұл – әрбір жауынгердің Ата Заң алдындағы міндетін орындап, Елбасына адал қызмет етіп, Отан қорғауға даяр екендігін білдіру болып табылады. 

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,
журналист

Суретті түсірген автор

СЕМЕЙ