ЭКСПО-2017 • 19 Шілде, 2017

Манделаның елі ұлттық күнін мерекеледі

447 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Оңтүстік Аф­ри­ка Республикасының ұлттық күні тойланды. Ме­реке сол елдің тәуелсіздік алған күнімен жә­не мем­лекеттік жә­­не саяси қайраткері Нельсон Ман­де­ланың туған кү­ні­мен тұспа-тұс келген.

Манделаның елі ұлттық күнін мерекеледі

Салтанатты шарада Қазақ­стан тарапынан Қар­жы вице-министрі Қанат Бай­еділов сөз сөйлеп, Оң­түс­тік Африка өкіл­­дерін ұлт­тық күнімен құт­тық­тады. Со­ны­мен қатар, «Бо­лашақтың энер­гиясы» та­қы­ры­бы әлем үшін өзекті екенін алға тартып, еліміздің ОАР-мен сау­да-экономикалық бай­ла­ныстарды тереңдетуге жә­­не дамытуға мүдделі еке­нін жеткізді. «Оңтүстік Аф­рика Республикасының ЭКСПО-2017 көрмесіне қа­ты­суы екі ел арасындағы сенім мен өзара тиімді қа­рым-қатынастардың ж­о­ға­ры деңгейін тағы да растап отыр. Биыл қос тарап дип­ло­матиялық қарым-қа­ты­нас­тардың 25 жылдығын атап өту­де. Біз ширек ғасырда өза­ра се­нім мен серіктестікке не­гіз­дел­ген жылы достық қарым-қа­тынас орнаттық. Мұ­ны екі ел арасындағы ба­рыс-келіс сапарлары, эко­но­­миканың түрлі сала­л­а­рын­да­ғы жемісті ынты­мақ­тастық айғақтайды», деді ол. 


Басқосуда Оңтүстік Аф­ри­ка Республикасы Халық­ара­лық қатынастар және ын­тымақтастық министрінің орынбасары Номаиндия Мфе­ке­то 18 шілденің әлем хал­қы үшін ерекше мейрам екенін ес­ке салды. «Бүгін – барлық оң­түс­тікафрикалық азаматтар үшін және әлемнің көптеген тұр­ғындары үшін ерекше күн. Се­бебі, бүгін ұлтымыздың әкелерінің бірі – Нельсон Ман­деланың туған күнін тойлаймыз. Ол өмірінің 67 жылын халқына қызмет етуге арнады, шындығында бүкіл адамзатқа қызмет етті. 2009 жылдың қараша айында БҰҰ Бас ассамблеясы Манделаның халықаралық бейбітшілік пен еркіндік мә­дениетіне қосқан үле­сін ескеріп, 18 шілдені Халықаралық Нельсон Ман­де­ла күні деп жариялады. Бұл күні әрбір адамзатты жақ­сылық жасауға, ізгілікпен ай­на­лысуға шақырамыз», деді Н.Мфекето. 
ОАР өкілі екі елдің тарихы ұқсас екенін, сол ұқсастықтар жылы қарым-қатынас орна­ту­ға септігін тигізгенін әңгі­ме­леді. «Оңтүстік Африка Қазақстанға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ре­формаларына қатысты прин­­ци­птік позициясы үшін ри­за­шылығын білдіреді. Атап айт­қанда, Қауіпсіздік Кеңесі құрамында Африка құрлығына қатысты тарихи әділетсіздікті шешуде қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз», деді ол. Номаиндия Мфекетоның айтуынша, адамды нәсіліне қарап жіктейтін апартеид саясаты Оңтүстік Африкада 1948 жылдан 1990 жылдарға дейін жалғасқан. Бұл жылдары ақ нәсілділер қара нәсілді тұрғындардың жүріс-тұрысын шектеген, сайлау құқығын бермеген және арнайы аймақтарға оқшаулаған. Сол тұста адам құқықтары үшін күрескен Нельсон Мандела өмірінің 27 жылын абақтыда өткізіпті. 1993 жылы апартеидті жоюға, нәсілдік емес демократияға ау­ы­суға ұмтылғаны үшін Ман­дела Нобель сыйлығын ие­ленеді. 1994 жылы 27 сәу­ір­­де Оңтүстік Африка Рес­­­пуб­­ликасында алғаш рет де­мо­­кра­тиялық сайлау өтіп, 10 ма­мыр күні Нельсон Ман­дела мемлекеттің сегі­зін­ші және тұңғыш қара нәсілді пре­зиденті атанады.


Айта кетейік, ОАР көрме­ге­ қазба байлықтары жайында ақпарат ала келген. Өйткені, онда алтын, платина, хром, алмаз сынды байлықтар көп. Олар алмаз өндіруден дүние жүзі бойынша бірінші орында тұр. Ал уран өндіруде екінші орында. Сондай-ақ, индус­триалды-аграрлы ел саналады. Халқының 85 пайызы ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейді. Тау-кен өндірісі – елдің жетекші саласы. Оңтүстік-батыс бөлігінде мұнай өндіріледі. Сондықтан көптеген алпауыт мемлекеттермен сауда серіктестігін орнатқан.

Асхат РАЙҚҰЛ,

суреттерді түсіргендер Орынбай Балмұрат, Ерлан ОМАР, «Егемен Қазақстан»