19 Шілде, 2017

Google Зика вирусымен масалар арқылы күреспекші

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Google компаниясы Зика вирусының таралуын тоқтату үшін ауаға 20 миллионнан астам маса ұшыруды жоспарлап отыр. Компания Калифорния штатындағы (АҚШ) бақылаушы органдардың мақұлдауын күтуде. Бактериялар Зика вирусын таратушы масалардың ұрпақ жалғастыруын тежейді және адамдарға зиянсыз.

Google Зика вирусымен масалар арқылы күреспекші

Калифорниядағы Фресно қаласында Зика вирусының таратушысы саналатын Aedes aegypti масасы кең тараған. Бұл сол қаладағы тұрғындарға үлкен қауіп тудыруда. Осы қауіптің алдын алу үшін Google аталған масаның аталықтарына Вольбахия бактериясын қолмен жұқтыру әдісін ұсынуда. Зертханадан босап ұшқан аталықтар аналық масамен шағылысу арқылы әлгі бактерияны оларға да жұқтырып, ұрықсыз қалдырады. Осылайша адамдарға қауіп төндіруші масаның таралымы бірте-бірте азаймақ.

Вольбахия тұқымдасындағы масалар адамдар үшін қауіпсіз. Сонымен қатар, Aedes aegypti масаларының аталықтары адамдарды шақпайды. Сол себепті, оларды шексіз көлемде ұшыра беруге болады.

Егер жоба мақұлданған жағдайда, жабиғи табиғатқа аптасына 1 миллион маса жиырма апта бойы жіберіліп отырады. Масаларды ұшыру аймағы Фресно аймағындағы 120 гектар жер.

Жобаны Google өнімдерін басқаратын Alphabet холдингіне қарасты Verily Life Sciences зерттеу ұйымы жүргізбек.