Қазақстан • 19 Шілде, 2017

Әділбек Жақсыбековтің өкілеттігі 2022 жылға дейін ұзартылды

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев Әділбек Жақсыбековтің өкілеттігін 2022 жылға дейін ұзартты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Әділбек Жақсыбековтің өкілеттігі 2022 жылға дейін ұзартылды

"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбековтің өкілеттігі зейнеткерлік жасқа толған күннен бастап 2022 жылғы 26 шілдені қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды", делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, Әділбек Жақсыбеков бұл қызметке 2016 жылы тағайындалған болатын. Оған дейін ол 2014 жылдың қазан айынан бастап Астана қаласының әкімі қызметін атқарды. 

Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков 1954 жылы Қостанай облысында туған.  

1978 жылы Бүкілодақтық кинематография (Мәскеу қ.) мемлекеттік университетін тәмамдаған.

1987 жылы Плеханов атындағы халық шаруашылығ институтында «материалдық-техникалық жабдықтаудың ұйымдастырушысы» мамандығы бойынша қайта даярлықтан өткен. 1988-95 жылдары – көпсалалы «Цесна» корпорациясының басшысы қызметін атқарды. 

1995 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына сайланып, 1996 жылы Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

1997 жылдың желтоқсанынан 2003 жылдың маусымына дейін Астана қаласының әкімі болды.

2003 жылдың шілдесінен 2004 жылдың желтоқсанына дейін – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі, 2004-2008 жылдары –  Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы, 2008 жылдың қаңтарында "Нұр Отан" халық демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 

2008 жылдың қараша айынан – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2009 жылдан – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болды.