Ұлттық спорт • 20 Шілде, 2017

Бүгін Астанада Бәйге түрлері бойынша республикалық жарыс өтеді

867 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазанат» атшабарында Атырау облысының мәдени күндері аясында «Бәйге» түрлері бойынша республикалық жарыс өтеді.

Бүгін Астанада Бәйге түрлері бойынша республикалық жарыс өтеді

Шабандоздар бес шақырымдық жорға жарыс, жеті шақырымдық құнан бәйге, 21 шақырымдық аламан бәйге бойынша сынға түседі. Жарысқа еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан келген спортшылар қатысады.

Аламан, құнан бәйге және жорға жарысқа облыстар мен Астана, Алматы қалаларынан әр қашықтыққа үш аттан қатыстырылса, Атырау облысынан бес аттан қатыстырылады. Жарыстың жүлде қоры – 51 млн 700 мың теңге. Қаржы 1-5-ші орын аралығындағы жүлдегерлерге беріледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты марапаттау жарыс аяқталған соң жүргізіледі. Бәйгенің басталу уақыты - 18:00.

Жорға жарыс (5 шақырым)

1 орын – 3 млн.тг

2 орын – 1,5 млн.тг

3 орын – 1 млн.тг

4 орын – 700 мың.тг

5 орын – 500 мың.тг

Құнан бәйге (7 шақырым)

1 орын – 7млн.тг

2 орын – 4 млн.тг

3 орын – 2,5 млн.тг

4 орын – 1 млн. тг

5 орын – 500 мың.тг

Бәйге (21 шақырым)

1 орын – 13 млн.тг

2 орын – 7 млн.тг

3 орын – 5 млн.тг

4 орын – 3 млн.тг

5 орын – 2 млн.тг