Қазақстан • 20 Шілде, 2017

Алдағы күндері 41 градусқа дейін күн ысиды

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 2017 жылдың 20-22 шілдеге арналған ауа райы болжамын жасады, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Алдағы күндері 41 градусқа дейін күн ысиды

"Республикамыздың оңтүстік жартысында, жоғары қысым әсерінен, аз бұлтты жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде, температураның қысқа мерзімді төмендеуінен кейін қайтадан көтерілуіне себеп болады. Алдағы екі тәулікте, осында ең жоғарғы ауа температурасы +30...+38°C дейін, ал 22 шілдеде кей жерлерде 41ºС дейін ысиды деп болжануда. Қазақстанның солтүстік жартысында, атмосфералық фронттар және онымен байланысты биік жыралардың әсерінен қалған аймақтарда өткінші найзағайлы жаңбыр, екпінді жел, бұршақ болуы мүмкін деп күтілуде. Осында ауа температурасы нормаға жуық болады деп болжануда. Синоптиктердің болжаумы бойынша, 22 шілдеде кей жерлерде ең жоғары ауа температурасы +30...+35°С дейін жоғарылайды деп күтілуде", - делінген хабарламада.