Аймақтар • 20 Шілде, 2017

Астанада бос орындар жәрмеңкесі өтті

449 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астана қаласында өткен бос орындар жәрмеңкесінде білім, денсаулық сақтау, құрылыс салалары, қонақ үй қызметі, автопарк және Ішкі істер органдарынан 60-қа жуық жұмыс беруші мыңға жуық бос жұмыс орнын ұсынды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Астанада бос орындар жәрмеңкесі өтті

 

– Жәрмеңкеде ірі жұмыс беруші ХҚКО болды, олар 80-ге жуық бос орын ұсынды, оның ішінде тұрғындармен жұмыс жүргізетін мамандар қажет. Қызмет көрсету саласында ірі қонақ үй 40 жұмыс орнына, әртүрлі жұмыс істеушіден бастап, офис-менеджерге дейін іздеуде. Екінші деңгейлі ірі банктердің бірі кассирлер, IT-мамандар, келушілермен жұмыс жүргізуші маман орындарына таңдады. Әдетте осындай жәрмеңкеден кейін жұмысқа кем дегенде 100 адам орналасады, - дейді жұмыспен қамту орталығы баспасөз қызметінің басшысы Аяжан Айтжанова.

Ресми мәліметтер бойынша, 2017 жылдың 1 тоқсанында Астанада жұмыссыздық деңгейі 4,6% құрады. Елордада жұмыссыздық деңгейінің төмендігі бойынша әлі де көшбасшы орында, бұл көрсеткіш республика бойынша көрсеткіштен 0,3%-ға төмен.

Бүгінгі күнге Астана қаласының жұмыспен қамту орталығы базасында 1125 жұмыс беруші тіркелген. Олар 9000 бос жұмыс орнын ұсынуда.