Ұлыбритания – баламалы энергетика саласындағы көшбасшылардың қатарында. Сондықтан көрмеде ағылшындардың павильонына қызығушылық жоғары. Бүгінде мұнда 1 жарым миллион көрермен кіріп-шыққан.
«Халықаралық шараға барлығы
1 миллион 300 мың адам келді. Бастапқыда 2 миллион қонақ бас сұғады деп жоспарлағанбыз. Жұрттың көрмеге деген қызығушылығын ескере отырып, бұл көрсеткішке қол жеткіземіз деген ой бар. Қатысушы елдердің басым бөлігі шараға жақсы дайындалыпты. Павильондарда көптеген баламалы инновациялық жоба көрсетілген», деді басқосу барысында Ахметжан Есімов. Ал Грег Хэндс Астанадағы ЭКСПО көрмесінің жоғары деңгейде өтіп жатқанын әңгімеледі.